Бала тағдырын балталағандар
Оқиға-баян
12.04.2016

Соңғы бес жылда Батыс Қазақстан облысында кәмелетке толмағандарға қатысты сексуал сипаттағы қылмыстар саны 4,5 есе артқан. Оның үстіне, педофилия актілерінің 90% ауылды жерлерде анықталады. Прокурорлар мұндай азғындаудың себебі – ауыл тұрғындарының жұмыссыздық, ішімдікке салыну, ауылдардағы ар-ұят нормаларының төмендеуі салдарынан деп дабыл қағып отыр.


“Открытая Азия онлайн” серіктесі - “Уральская неделя” газетінің педофилдер бала тағдырына қалай балта шабатыны туралы әзірлеген материалын назарларыңызға ұсынамыз.


2b23b7b3b67e47080c88ef87c6a60005 (1).png Осы жақында ғана болған оқиға: 12 жасар қыз бала үш жыл қатарынан өгей әкесінің құрбаны болған. Ересек ер адам балаға минет жасатқызып келген. Қазір педофилдің үстінен сот жүріп жатыр. Қыз өгей әкесінің қысымынан әбден зәрезап болған кезде шыдамай, бәрін мектептегі ұстаздарына айтып берген.


Былтыр Сырым ауданында сотталған педофил өзінің бойжетіп қалған өгей қызының құрбысы үйлеріне әкеліп қонақ қылған 12 жасар қыз баланы зорламақ болған.


Биылғы наурыз айында өз жұбайының 13 жасар қызын зорлаған оңбаған 15 жылға сотталды. Әйел мұны жұрттан жасырып қалған, алайда қыз баланың аяғы ауыр болып, оған аборт жасатқан.


Азғындарға қатысты қылмыстық істердің бәрі Батыс Қазақстан облысының аға прокуроры Алмагүл Исмағұлованың қолынан өтеді. Облыста балаларға қатысты сексуал сипаттағы қылмыстар неге өршіп кетті деген сұраққа оның өз жауабы бар.


- Бұл жағдайлардың бәрінде қандай да бір – материалдық, моральдық – ахуал төмендігі факторы бар, - дейді прокурор. – Қылмыстардың көбі – до 90% дейін – ауылдық жерлерде жасалады, онда адамдар кедей тұрады, жоқшылықтың зардабын шегеді. Ондағы ер адамдар үшін балаларға зорлық жасау – өзінің әлдекімнен артық екенін дәлелдеп, үстемдік құру тәсілдерінің бірі. Педофилия фактілері ауқатты отбасыларда да болатын шығар, тек соңғы бес жылда бізде ондай бір де бір жағдай тіркелмеген...


Көбінесе педофилия жасырын жүреді. Ересектер өз отбасында балаларға зорлық жасалатынын жасырады. Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстар туралы прокуратура қызметкерлері кездейсоқ – мұғалімдерден, балалардың аға-әпкелерінен, баланы қараған кезде әлдебір шикілікті сезетін дәрігерлерден – біліп қояды.


- Биыл жыл басында Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау және бейімдеу орталығына барғанымда, әлденеден үрейленіп, қуыстанып жүрген сегіз жасар ұл балаға көзім түсті, - деп әңгімелейді Алмагүл Исмағұлова. – Қасына отырып, сөзге тарттым. Бала маған сеніп, басынан өткендерін айта бастағанда төбе шашым тік тұрды. Ол Орал маңында шешесімен және оның көңілдесімен бір үйде тұрыпты. Өгей әкесі ішіп алып, әйелін сабап, жертөлеге қамап қояды екен. Бір күні ішіп алған еркек баланы зорлап жыныстық қатынас жасаған. Бала айтып отырғанын ойдан шығаруы мүмкін емес еді. Біз қылмыстық іс қозғадық та, биыл ақпан айында өгей әке 18 жылға сотталды.


Педофилдер кім?


80% жағдайда қылмыскерлер – құрбандарының кіші әкелері, ағайындары, жезделері , - дейді Алмагүл Рамазанқызы. – Кәмелетке толмағандарға қатысты сексуал сипаттағы қылмыстардың 60%-н олардың өгей әкелері жасайды.



Педофил-қылмыскерлердің барлығы алдымен құрбанын таңдап, баланың сеніміне кіріп, өзіне қаратып алады да, содан кейін барып зорлық жасайды. Баланы бір, екі зорлап қоймай, жылдар бойы аяусыз қорлап келген жағдайлар да болған. Педофилдердің өмірбаянын зерттей келе, прокурор олардың көбі бір кездері өздері де осындай қылмыстың құрбаны болғандар деген шешімге келіпті.


- Бұлар – 35-45 жастағы ер адамдар – қазір айтылып жүрген «90-жылдардың жоғалған ұрпағы" - кезінде қараусыз, тәрбиесіз өскендер, - деп ой түйеді Алмагүл Рамазанқызы. – Соның нәтижесінде қандай да бір ар-ождан шектеуін көрмей, жауапкершілік дегеннен жұрдай болып өскен. Кезінде өздеріне де біреу зорлық жасаған болуы мүмкін, сол үшін енді балаларға зорлық көрсетуге болады деп есептейді. Бұлар психикасы сап-сау адамдар.


Зорлықшылардың барлығы дерлік – жұмыссыз, маскүнем, ұрыс-төбелеске бейім, көбіне бұған дейін түрмеде отырып шыққандар.


- Педофилдердің жеке заттары арасынан порнографиялық фильмдер жазылған дисктер тауып жатамыз, - дейді Алмагүл Исмағұлова. – Психологтар бізге шынайы және алмастырушы педофилия бар деп түсіндіреді. Біріншісі – адамның тек балалармен ғана жыныстық қатынас жасауға деген құштарлығы. Екіншісі – ер адам жыныстық қатынас жасайтын серігін баламен алмастыратын жағдай. Бізде тіркелген жағдайлардың барлығында зорлықшылардың тұрақты төсектес серігі – әйелі, көңілдесі бар. Олар әйелдермен қатынасынан қанағат таппай, порнорафия көріп алып, сексуал құштарлығын қоздырып барып, балаларға назар аударады. Бұл да қиын мәселе, өйткені бізде серігіңмен араңдағы төсек қалауыңды онымен талқылау жаман болып саналады, жыныстық тәрбие жоқ...


Педофилия_КЗ.jpg

«Аналары соның бәрін көрмеген бе?»

Педофилия дертінің өршіп кетуіне тағы бір себеп – аналар еш ойланбастан балаларын мүлде бөтен адамдарға сеніп тапсыра салады, алыс ағайындарының үйіне жібере береді.


- Көп дүние менталитетке де байланысты: бізде аналар жас қыздары бөтен ересек ер адамдармен бір бөлмеде қона беруіне қалыпты жағдай деп қарайды да, олардың ойында не бар екенін, олар не істеуі мүмкін екенін ойламайды.


Прокурор балалары зорлық көрген аналардың ұстанымынан шошып отыр.


Прокурор.jpg - Біріншіден, анасы өз баласының бойындағы, мінез-құлқындағы өзгерістерді қалайша байқамауы мүмкін екенін түсіне алмаймын. Өзінің қасындағы төсектес серігі мен өз баласының арасында түсініксіз әлдене болып жүргенін қалайша сезбейді? 2014 жылы Зеленов ауданында мүлде сұмдық оқиғаны аштық: әке бірнеше ай бойы өзінің туған ұлымен төсектес болған. Анасы болса, өз айтуынша, екеуінің де мінез-құлқынан күдікті ешнәрсе байқамаған. Тек бала «көтенім ауырады» деп шағымданып, әкесін аузымен аймалағаннан жиіркенетінін айтқан кезде ғана полицияға жүгінген. Ол әйел істі сотқа жеткізді. Алайда, көп аналар жұрт біліп қойса ұят болады деп шу шығарғысы келмейді. Ондай сәтте олар өз балаларының жағдайын мүлде ойламайды...


Былтыр шілде айында Тайпақ ауылындағы қойшы үйінде ер адам өзінің 15 жасар өгей қызын зорламақ болған, алайда қыз одан босанып шығып, қашып кеткен. Анасы қызының сөзіне сенбей, азаматтық некедегі күйеуінің үстінен полицияға шағымданудан бас тартты. Қызды сотта қорғауға әпкесінің ғана батылы жетті.


- Сотта сол әйел-аналарға қарауға жүрегім шыдамайды, - дейді Исмағұлова. – Олар өздері де сол көңілдестерінің құрбаны – әбден үрейленіп, жүнжіп кеткен...


Әрең аман алып қалған

Исмағұлованың айтуынша, кәмелетке толмағандарды қорғау жөніндегі прокурорлық тәжірибесіндегі ең өзегін өртеген іс - 2015 жылы Сырым ауданында 5 жасар қыз баланың зорланғаны болған. Баланы дәрігерлер санавиация тікұшағымен облыстық ауруханаға алып кетуге мәжбүр болған.


- Оның ішкі мүшелерінің бәрі жыртылып кеткен, - дейді Алмагүл Рамазанқызы. – Дәрігерлер бірнеше сағат тігіп, әйтеуір аман алып қалды.


Кішкентай қызды зейнеткер көршісі зорлаған. Қыздың әке-шешесі тойға кетіп бара жатып балалары есікті ішінен іліп алуын қадағаламаған да. Сол кезде үйге көрші келген.


- Шал мас еді. Ол өзге балаларды басқа бөлмеге қуып тығып, құрбанын алып жатын бөлмеге қамалып алып, түні бойы баланы зорлаған, - дейді прокурор. – Сот зорлықшыны 17 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Зорлықшылар арасында егде жастағы адамдар, зейнет жасына келіп қалған ер адамдар да кездеседі. Қарттықтан олардың ақыл-есі кеми бастайды, ал сексуал қалауы арта түседі.


Жаңа Қылмыстық кодексте педофилдерге қатысты жаза шегі өзгертілген: бас бостандығынан айыру мерзімі ұлғайтылды, олар үшін мерзімінен бұрын шартты түрде босату мүмкіндігі жоқ, олар амнистияға жатпайды.


Гараж артындағы түрме заңдары

ребенокнасилие.jpg

Қалада ата-аналар ауылдан келген туыстарынан емес, көп қабатты үйлердегі жеделсатылар мен қаңырап қалған гараждардан сақ болуы тиіс.


- Жас ер адамдар балаларды лифт кабинасында қамап алып, жыныс мүшесін уқалап, ауызбен аймалауға мәжбүрлейтіні туралы дабыл жиі түседі, - деп түсіндірді Исмағұлова. – Ата-аналардың бәріне айтарымыз: балаларыңызға сақ болыңыздар, танымайтын ағалармен бірге лифтке кіруге болмайтынын, қабаттар арасында жеделсатымен сырғанап уақыт өткізуге болмайтынын түсіндіріңіздер.


Гараждардың айналасындағы бос жерлер – жазда жасөспірімдердің айналып шықпай қоятын сүйікті орындарының бірі. Прокурор қазіргі жастар арасында түрме жаргоны көп қоланылып, түрлі «зона» түсініктері белең алып бара жатқанына алаңдайтынын айтты.


– Жасөспірімдер бір-бірімен қатаң, ересектер сияқты бәсекелеседі. Біреуді жер қылып, қорлағысы келсе, оған қатысты осы сөздің жыныстық мағынасын қолданады. Олар құрбанын гараж артына алдап шақырып алып, асқан азғындықпен зорлайды. Менің ойымша, оларға осындай әрекетімен тек өзінің гомосексуалдыққа бейім екенін ғана көрсететінін түсіндіру керек.


Жасөспірімдер тіпті 14 жастан асқандарға мұндай қорлау әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілік бар екенін білмейді де. Мысалы, 2015 жылғы желтоқсанда достарын көшеден 7 жасар баланы ұстап алып, орманға апарып азғындықпен зорлауға көндірген 15 жасар мектеп оқушысы 7 жылға колонияға айдалып кетті.


Прокурор балалардың да, ересектердің де жыныстық тұрғыда сауатсыз екенін баса айтады:


- 10-11 сынып оқитын кәмелетке толмаған қыз балалар бұл жаста біреумен төсектес болу ұят емес деп ойлайды. Аналары оларға ересек өмірге асығудың қажеті жоқ екенін, балалық шақтың өз қызығы бар екенін түсіндірмейді. Айналаңызға қараңызшы: бәріміз ашулы болып кеткенбіз. Балалар ата-анасына сенбейді, өйткені отбасындағы ахуал оған ықпал етпейді.


Қазір облыста педофилдер базасы жасалып жатыр, онда өмірінде бір рет болса да сексуал сипаттағы қылмыс жасағандар туралы бүкіл деректер жинақталады. Прокурорлардың айтуынша, қоғамда балаларға, ересектерге, тіпті жануарларға зорлық жасайтындарға деген төзімділік деңгейін нольге жеткізуіміз керек.

Пікір

b07996cdcfdded8e4e832365cd29f9db (1).jpg

- Педофилия мәселесінің түбі терең және педофилия табиғатын зерттеудегі негізгі жұмысты прокуратурамен бірлесе отырып атқардық. Балаларға келер болсақ, осы алған психологиялық және физиологиялық жарақатының салдары олар үшін қандай болатынын топшылап айтуға моральдық құқығым жоқ деп есептеймін, - дейді психолог. – Зорланған баланың қалпына келуі үшін көп уақыт керек екенін білеміз, бірнеше ай, тіпті бірнеше жылға созылуы мүмкін. Ондай балаларды үнемі қадағалап, жұмыс жүргізу керек. Қазір менің ондай мүмкіндігім жоқ. Ал облыста психологтарға ондай балалармен жұмыс жүргізуге мүмкіндік беретін дағдарыс орталығы да жоқ. Ата-аналардың өздері психолог кабинеттеріне баласын апаруға жағдайы жетпейді...

- ҚР бойынша жасалып жатқан педофилдер базасында 1200 есім тіркелді. Базада осындай қылмыс жасап сотталып шыққан адамдардың деректері сақталады. Ең алғашқы мәліметтер 1991 жылға жатады. Қазір деректер, әсіресе, ондай адамдардың мекенжайы туралы мәліметтер мұқият тексеріліп жатыр. 2016 жылдың ортасына қарай жұмыстың бәрі аяқталып, педофилдер жөніндегі деректер базасы сайтта жарияланады деп күтілуде. service.pravstat.kz.




Төменде Батыс Қазақстан облысы бойынша педофилия жағдайларының интерактив жылнамасы келтірілген:






Людмила Калашникова
пікірлер 0
Пікірлер
  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Пікірлердің бәрін оқу
Наверх