Опубликовано 13.04.2020

42 500 ТЕҢГЕ: ЕЛДІ АЛАҢДАТҚАН СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП

Фото, источник: интернет

Елімізде төтенше жағдай кезінде берілетін 42 500 теңгеге байланысты халық арасында түрлі дау туды. Осы мәселе бойынша ең көп қойылатын  сұрақтарға жауапты арнайы маманның өзінен алдық. 

 

   1. 42500 теңгені нақты қандай сайттардан алуға болады?

     Төтенше жағдайға байланысты табыс көзінен айырылған азаматтар осы жерден ала алады:

  • Egov.kz
  • 42500.enbek.kz
  • @Help42500Bot (Телеграм мессенджері)

 

    2. 42500 теңге алу үшін міндетті түрде ЭЦП керек пе?

 

     Жоқ. Міндетті емес. Egov.kz сайтында бір реттік пароль арқылы алуға болады. Ал 42500.enbek.kz сайтына ЭЦП-ның мүлде қажеті жоқ.

 

   3. ЭЦП кілті жоқ, мүлде Egov порталына тіркелмегендер 42500 теңгені қалай қалады?

 

   Бір реттік пароль арқылы ала алады. 

 

  4. 42500 теңгені алуға қазақстандықтардың барлығы өтініш бере ала ма?

 

    Төтенше жағдай кезінде табысынан айырылу жағдайына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем мөлшері бір адамға айына 42 500 теңге, ол келесі санаттағы азаматтарға беріледі:

- орта, шағын және микробизнес субъектілерінің қызметкерлері;

- жеке кәсіпкерлер;

- жеке практикамен айналысатын адамдар (нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор);

- бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер;

- нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс табатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын аударған адамдар;

- карантин енгізілген елді мекендердегі ірі бизнес субъектілерінің қызметкерлері.

Осы санатқа жататын барлық азаматтар алаңдамауы керек, егер сіз төтенше жағдайға дейін соңғы 12 айда аударымдар жасасаңыз, онда сізде ешқандай проблемалар туындамайды, кірісті жоғалтуға байланысты төлем алуға өтініш бере аласыз.

 

    5.  Өтініш беру үшін құжаттар тапсыру міндетті ме?

 

    Жоқ. Ешқандай құжат керек емес. Барлығы электронды түрде жүзеге асады. Электронды өтініш кезінде де ешқандай құжатты бекітудің қажеті жоқ.

 

   6.МӘС (міндетті әлеуметтік сақтандыру) деген не? Не үшін оған бір реттік төлем жасау керек?

 

    Әлеуметтік төлем (42500 теңге) тағайындау үшін, қызметкердің мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына соңғы 12 айда кемінде 1 рет әлеуметтік аударым жасауы керек. 

 

      Әлеуметтік төлем мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленеді – бұл әлеуметтік сақтандыру жүйесі, сондықтан төлемді жүзеге асыру үшін бір рет тіркелу маңызды.

 

     7.Декретте отырған аналар 42500 теңгені қалай алады? Оларға беріле ме?

 

      Бір жасқа дейінгі баласы бар аналарға бала күтімі үшін, баласы бір жасқа толғанша мемлекет тарапынан жәрдемақы беріледі. 

Алайда, қазір  бір жастан асқан баласы бар аналар хабарласуда. Бала бір жастан асқаннан кейін олар жұмысқа шығуы керек еді,  бірақ төтенше жағдайға байланысты ешкімді жұмысқа алмайды. 

Сондықтан декретте отырған аналар бір жыл өткеннен кейін бірыңғай жиынтық төлемді төлеп, төлем алуға өтініш беруіне болады. 

 

     8. Мүгедек жандар қалай алады?

Егер мүгедек адам төтенше жағдай кезінде жұмыс істеген болса және төтенше жағдайға байланысты жұмысынан айырылған болса және ол үшін мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына соңғы 12 айда кемінде 1 рет әлеуметтік аударымдар жасалса, ол әлеуметтік төлемді алуға құқығы бар.

 

   9.  Мүлде жұмысы жоқ, ешқандай зейнетақы қорын ашпаған адамдар ақшаны қалай алады?

 

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем (бір адамға айына 42,5 мың теңге) төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған азаматтарға тағайындалады. 

 

   10. СМС хабарлама келген соң ақша неше күнде түседі?

 

     Ақша сол күні жіберіледі. Қалған қызмет көрсету банктің құзырында.

 

   11. 42500 теңге үшін арнайы карточка аштыру керек пе?

 

    Жоқ. Кез келген есепшот жарамды. Карталық шотыңыздың нөмірін көрсетсеңіз болды.

 

    12. СМС хабарлама келгеннен кейін ақша түспесе не істеу керек?

 

    Ақшаның түскенін күту керек.

 

     13. Зейнеткерлерге 42500 теңге беріле ме?

       Егер олар төтенше жағдай еңгізілгенге дейін бірыңғай жиынтық төлемді төлеген болса, оңда әлеуметтік төлемді ала алады.

      Алайда, егер олар бірыңғай жиынтық төлемді төлемеген болса,  онда 42 500 теңге оларға берілмейді.

 

     14. Зейнеткерлер, әлеуметтік көмек алатын жандарға артық үстеме ақша қосыла ма?

     Жоқ. Қосылмайды.

 

     15. 42500 теңгені қанша уақыт алады?

 

1 немесе 2 ай. Әлеуметтік төлем төтенше жағдай режимі аяқталғанға дейін әр ай сайын төленеді.

 

      16. Сұрақтарға нақты жауап алу үшін қандай нөмірге хабарласу керек?

 

Сұрақтарға жауап алу үшін 1414 Call-center-ге хабарласуға болады.

 

      17. 42500 теңге толық түсе ме әлде белгілі бір комиссия ұстала ма?

 

42500 теңге толық түседі. Комиссия ұсталмайды. 

Читайте также

Вернуться в начало