Опубликовано 28.10.2020

Алаяқтың түрі көп: Сақ болыңыз!

Алаяқтың түрі көп: Сақ болыңыз!

Ғаламдық желіде бәріміздің де виртуалды ақшамыз бар. Бірақ интернетте талантты алаяқтардың көп екенін ескерсек, электронды әмияндардың, виртуалды шоттардың немесе банк карталарының қауіпсіз болуы біз үшін өте маңызды екені анық.

Интернетте қалай ақша ұрлайды?

 Соңғы жылдардағы интернеттегі алаяқтықтың түрлері:

Лотереялар, конкурстар ұйымдастыру

Алаяқтықтың бір түрі деп жалған лотерея, конкурс және басқа да іс-шаралар ұйымдастыруды айтсақ болады. Оған қатысу үшін сайтқа тіркеліп, өзіңіз жайлы барлық ақпаратты қалдырасыз. Бұл ақпаратты кейін алаяқтар өзіңізге қарсы пайдаланады. Мұндай схемаларды құрастырушылар ресми мемлекеттік лотерея атын жамылып жалған көшірме сайт жасайды да, онда конкурсқа қатысу үшін онлайн билеттер сатады. Жеңімпаздарға «әзірленген» қымбат сыйлықтардың жарқын фотосуреттері өз бақтарын сынап көргісі келетін көптеген адамды қызықтырады. Бірақ соңында, сатып алған билеттер ештеңеге жарамай қалады, ал төлеген ақшаңыз ұрылардың қалтасында кетеді. Қажетті ақша жиналған соң, сайт толықтай жойылады.

Қаржылық пирамидалар

Мұндай сызба алаяқтықтың жеке түрі ретінде қылмыстық заңмен тікелей қарастырылған. Қаржылық пирамида сайттарында сізге жеке кабинет ашу ұсынылады. Ол жерден сіз виртуалды шотыңызды бақылай аласыз. Пирамидаға жаңа мүшелер қосылған сайын теңгеріміңіздің көбейгенін көру  жағымды әсер сыйлайды. Бірақ белгілі бір деңгейге жеткенге дейін виртуалды ақшаңызды ала алмайтын қатаң тәртібі бар. Алаяқтар өздеріне қажет қаржы жиналған соң, сайттың жұмысын тоқтатады.

Кардинг

Иесі растамаған төлем картасын немесе оның деректемелерін пайдалана отырып  операциялар жүргізетін ұрлықтың бір түрі. Кардингті бірнеше базалық бағыттарға бөліп қарастырсақ болады:

  1. Банк картасын ұрлау немесе заңсыз түрде банк картасына ие болу;
  2. Төлем мен аударымдар жасау үшін біреудің банк картасының деректемелерін рұқсатсыз пайдалану;
  3. Картаның жасанды көшірмесін жасап алу.

 Кардингтің негізгі мақсаты – банк картасындағы ақшаны ұрлау.

Фишинг

Бұл интернеттегі атбелгі, құпиясөз, банкингтегі мәліметтерді ұрлайтын алаяқтықтың бір түрі. Кең таралған интернет-фишинг деп банктердің, ірі ұйымдардың, интернет-дүкендердің және танымал сервистердің ұқсас сайттарын жасап, адамдарды сол фишинг-сайттарға тартатын алаяқтық схеманы айтса болады. Олар сайтқа тіркелгендердің электрондық мекенжайларына бағалы жүлденің жеңімпазы болғандығы туралы хаттар жібереді. Сыйлықты алу үшін банк картасының мәліметтерін жіберу қажет болады.

  • Карта деректемелерін жібермей тұрып, сайттың мекенжайын тексеріп алыңыз. Төлем жүйесінің қауіпсіздік сертификатына назар аударыңыз.

Сайттың мекенжайы https:// деген шифрлық қолдадан басталады, ал жалған сайт болса http:// деп жазылуы мүмкін. Осылай жалған сайтты негізгі сайттан ажырата аласыз. Алаяқтар жалған сайт жасағанда бір әріпті не таңбаны өзгертулері мүмкін. Сондықтан, жеке мәліметтеріңізді қалдырар кезде сайтты дұрыстап тексеріп алыңыз.

Интернеттегі қауіпсіздік үшін үнемі параметрлерді, роутер құпиясөздерін неғұрлым күрделі етіп өзгертіп отырыңыз. Бағдарламалық жасақтаманы жаңартуды ұмытпаңыз. Қоғамдық Wi-Fi арқылы онлайн-шоппинг жасамаңыз. Жеке мәліметтеріңізді қалдыратын нысандарды зерделеп үйреніңіз және алаяқтық іс-әрекеттерден абай болыңыз!

Алаяқтың түрі көп: Сақ болыңыз!
Редакция OpenAsia
Редакция OpenAsia
Автор материала

Читайте также

Вернуться в начало