Опубликовано 23.09.2017

Қазақстанда Қылмыстық кодекс жаңармақ: не өзгереді?

Не болып жатыр?

Қазақстанда жаңа Қылмыстық кодекс жобасы әзірленіп жатыр. Оның артынан Қылмыстық-процессуалдық кодекс те, сотта іс қарау тәртібі де өзгереді. Бір сөзбен, өкімет сот жүйесінің жұмысы мен қылмыстық кодекске түбегейлі өзгерту жасамақшы. Реформаның басты тақырыбы – гуманизация. Бұл азаматтардың өміріне қалай әсер етеді, олар үшін не өзгереді деген мәселе Қазақ ұлттық университетіндегі дөңгелек үстелде талқыланды. Оған Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми, Бас прокуратура өкілдері қатысты. "Открытая Азия онлайн" серіктесі - Informburo.kz медиапорталы заңнамада қандай өзгерістер әзірленіп жатқанын баяндайды.

Азаматтар қанша уақытқа тұтқындалады?

Басты өзгерістердің бірі – азаматтарды тұтқында ұстау мерзімінің қысқаруы. Қазіргі заң бойынша полиция кез елген адамды сот санкциясынсыз үш тәулік бойы ұстап отыра алады. Қылмыстық-процессуалдық кодекске өзгерту енгізілсе, ол мерзім 72 сағаттан 48 сағатқа дейін, ал кәмелетке толмағандар үшін – 24 сағатқа дейін қысқарады. "Бұл тұтқындалғандардың құқығы бұзылуын азайтады, өйткені, дәл осы кезеңде құқық бұзылуы байқалады, – дер түсіндірді ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов. – Бұл кезең мойындау немесе өзге дәлелдер алу үшін пайдаланылады". Жалпы алғанда, азаматтар тек шектен шыққан жағдайларда ғана тұтқынға алынатын болады деп жоспарланып отыр. Мысалы, экономикалық қылмыс жасады деген күдіктілер темір тордың ар жағына жіберілмейді (ұйымдасқан қылмыстық топ болмаса).

Прокуратура жұмысында не өзгереді?

Прокуратура қызметкерлерін де үлкен өзгерістер күтіп тұр. Олардың өкілеттігі азаяды. Атап айтқанда, ендігі жерде олар мәжбүрлі куәландыруға рұқсат бере алмайды. Сондай-ақ, "жария емес тергеу амалдарына" да санкция бере алмайды. Айталық, қандай да бір орында немесе әлдекімді видео немесе аудиобақылау, телефонды тыңдау, тексеру мақсатымен сатып алу сынды шараларға рұқсатты енді тек сот береді. Түзетулерді әзірлеушілер мұндай шешім қабылдауына себеп - бүкіл дүние жүзінде адам құқығын шектеуге тек сот қана қақылы. Сондай-аұ, бұрын адам жария емес тергеу амалдары туралы білмейтін, яғни, телефоны тыңдалатынын тіпті сезбейтін де болса, ендігі жерде ол туралы оған ескертілуі тиіс.

Қылмыстық саясатты адамға жақын ету

Қылмыстық саясатқа түбегейлі әсер ететін кейбір түзетулер қабылданып та қойды. Мысалы, салық төлеуден жалтарғаны үшін тартылатын қылмыстық жауапкершілік табалдырығы он есе төмендеді. Атап айтқанда: 221 - азаматтың салық және (немесе) өзге де бюджетке міндетті төлемдерден жалтаруы - бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік туындауы үшін белгіленген зиян көлемі 500 АЕК-ден 2000 АЕК-ге көтерілген. Ал 222 - ұйымдардың салық және өзге де бюджетке міндетті төлемдер төлеуден жалтарғаны үшін - бабы бойынша ең төмен көрсеткіш 2000 АЕК-ден 20 000 АЕК дейін көтерілген. Адамға жақындаудағы тағы бір қадам - жалған кәсіпкерлікті декриминалиазциялау. Яғни, ҚР Қылмыстық кодексінің 215-бабы енді жоқ. Бұл шараны талқылау кезінде ол бап басқа бапты қайталап тқрғаны айтылды. "215-бап бизнес қауымдастық үшін ауыр болды. Бизнес субъектілері қылмыстық процеске қатыстырылатын", – деді Бас прокурордың орынбасары генпрокурора Марат Аметжанов.

Электронды қылмыстық іс

Қазірден жұмыс істеп тұрған тағы бір реформа – электронды қылмыстық іс. Бұл - адам факторы қатысуынсыз жұмыс істейтін жүйе. Арнайы бағдарлама материалдарды жинап, қылмыстық іс құрастырады. Осылайша, келешекте тергеу материалдарының барлығы онлайн-режимге өтеді. Биыл эксперимент ретінде ҚР соттары 103 электронды санкция берген. "Қылмыстық істерді цифрландыру арқасында көп мәселе жоққа шығады – фальсификация азаяды, бәрі ашық та айқын болады, – дейді Марат Ахметжанов. – Тергеу ісі жылдамырақ жүреді, өйткені құжаттардың шаблоны бар. Соттың санкциясын да электронды түрде алуға болады. Бюджет үнемделеді, ашық та қолжетімді жұмыс жүреді, оны бақылау органдары қадағалап отырады, тергеушілер бір апта ішінде жауап беруге міндетті болады. Бірден қағаздан бас тарта қоямыз деген сөз емес. Кем-кетігін түзеп, біртіндеп көшеміз".

Бұйрықты сот өндірісі

Әлі толық түсініксіз болып отырған жаңалық – бұйрықты сот өндірісі. Кейбір азаматтық істердің қаралуы жеңілдейтіні сонша, олартіпті қаралмайтын болады деп болжам жасалып отыр. Тараптарды ешкім ешқайда шақырмайды, куәгерлерді тыңдамайды. Тек үш тәулік ішінде сот бұйрық шығарады. Болды. Оның күші сот шешімінің күшімен бірдей болады. Мұндай практика әлемде кең тараған. Алайда, Бас прокуратура мұндай ұстанымға айтар уәжі бар. Өйткені, мұндай жағдайда сот шешімдерінің объективтігін тексеру қиынға түседі. "Сотқа істі тергеу органы жолдайды делінеді. Ал сот оны ешқандай отырыссыз, өзі жеке қарап, шешім шығара салады. Тергеу қорытындыларының объективтігін сот тексере алмайды. Демек, тергеу органы айыптауды азайтып, көбейтіп, тіпті, ауыр қылмысты бұйрықты сот өндірісіне өткізіп жіберуі мүмкін. Прокурор жоқ, оны ешкім тексере алмайды", – дейді Марат Ахметжанов.

Адвокаттар қалай жұмыс істейді?

Адвокаттардың өкілеттігі кеңейеді деп жоспарланып отыр. Олар сот тергеуін жүргізуді сұрап сотқа жүгіне алады, ол үшін енді сотқа дейінгі тергеу органдарының шешімін күтудің қажеті жоқ. Яғни, тергеушілер қызметін мойнына алады. Адвокаттар тергеудің кез келген сатысында қылмыстық іс материалдарына қол жеткізе алады. Республикалық адвокаттар алқасы жаңа ҚПК адвокаттардың барлық құқықтарын ескермей отыр дейді. Мысалы, қорғаушының іс қаралуына міндетті түрде қатысуын қамтамасыз ету керек. Бүгінде адвокаттарды тек іске прокурор араласқан кезде ғана қатыстырады. Сондай-ақ, Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Әнуар Түгел судьяларды өз шешімін түсіндіруге мінжеттеуді ұсынады:

Редакция OpenAsia
Редакция OpenAsia
Автор материала

Читайте также

Вернуться в начало