Опубликовано 30.11.2015

Қазақстанның салық органдары әлеуметтік желілердегі заңсыз саудамен күресіп жатыр

Қазақстанның салық органдары әлеуметтік желілер, атап айтқанда, Facebook пен Instagram, арқылы заңсыз сауда жасау фактілерін тергеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожинға сілтеме жасай отырып. Комитет төрағасы мұндай саудагерлер әдетте сатып алушыларға чек бермейтінін, сонымен қатар кеден заңын бұзып отырғанын алға тартты.  


"Осы істеріңізбен контрабандаға да ықпал етіп отырғандарыңызды білмейсіздер. Астана әуежайында көп тон әкеле жатқандарды ұстап бір шу болғанымыз бар. Ол тондардың бәрі Instagram арқылы сатылған. Қазір біздің экономикалық тергеулер қызметіміз  Facebook, Instagram арқылы тауар сататындардың бәрінің қызметі мен жұмысын сараптауды бастады. Олар тіпті зергерлік бұйымдар сата бастаған. Шекара қызметімен бірлесе отырып, оларды көп қалаларға кіреберісте, декларацияланбаған зергерлік асыл бұйымдарды алып кіру кезінде ұстап жатырмыз" -деді Ерғожин. Айыптылардың мүлкі тәркіленіп, екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін де айта кету керек.  


Сондай-ақ, ол Ресейдің  баж салығынсыз интернет-сауданың шегін төмендету  жөніндегі жоспарларын да түсіндірді. Оның айтуынша, бұған әлі ертерек, өйткені жергілікті интернет-саудада басқа да маңызды мәселелердің тұтас кешені әлі реттеліп болған жоқ. 


Фото seonews.com.ua

Редакция OpenAsia
Редакция OpenAsia
Автор материала

Читайте также

Вернуться в начало