Опубликовано 26.11.2020

Банк картасын алаяқтардан қалай қорғаймыз?

Қазір заман басқа. Ұры қалтаға не үйге сирек түседі. Алайда сіздің банк картаңызға күндеп емес, сағат сайын шабуыл жасайды. Егер осы материалмен танысып, алдын ала қауіпсіздік шарасын жасамасаңыз, бәрі кеш болуы мүмкін.

Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін OLX сарапшылары бірнеше кеңестер ұсынады:

 

Үшінші адамға ешқашан кілт сөз бен кодты айтпаңыз!

 PIN (ПИН). Картаңыздың ПИН-кодын ешкімге айтпаңыз. Телефон ішіне де жазып қалдырмаңыз. Себебі қазір сіздің телефон ішінде не бар екенін көру алаяқтар үшін қиын емес.

Банкомат алдында ПИН-кодты терген кезде алақаныңызбен пернетақтаны басып тұрыңыз. Картаның артындағы үш санды да ешкімге айтпаңыз әрі көрсетпеңіз. Ол үш санды CVV деп атайды. Ол интернетте сауда жасауға керек.

Алаяқтар сізге банк қызметкері ретінде хабарласып, сол үш цифрды сұрауы мүмкін. Тіпті жақыныңыз ретінде хабарласып, сізге «ақша аударып жіберемін» деп, карта туралы барлық мәліметті сұрап алады. 

ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН: Банк қызметкеріне сіздің картаңыздың тек нөмірі керек. Басқа ештеңе сұрамайды. 

 

СМС ескертуді пайдаланыңыз!

Банк картасына СМС ескертуді қосып алыңыз. Ол үшін банкке хабарласыңыз. Егер сізге сатып алмаған затыңызға байланысты түсініксіз хабарлама келсе, бірден банкке хабарласыңыз немесе картаны бұғаттап, басынан қайта ашыңыз. Бұл сіздің қауіпсіздігіңіз үшін керек.

 

Интернетте сауданы тек қауіпсіз сайтта жасаңыз!

Қазір кез келген адамның сайт ашуға мүмкіндігі бар. Алаяқтар негізгі сайтқа жанама жалған сайт ашып, сіздің ақшаңызды ұрлайды. Олардың ішінде бұрынннан танымал банктердің, интернет-дүкендердің, қаржы компаниялардың да сайттары бар. Егер сіз онда банк картасының негізгі ақпараттарын енгізсеңіз, алаяқ ақшаны оп-оңай ұрлайды.

 

Күдік тудыратын сілтемеге өтпеңіз!

Сізге бөтен біреуден немесе танысыңыздан күдік тудыратын сілтеме келуі мүмкін. Онда «сілтемеге өтіп ақшаңды алып кет», «сен ақша ұтып алдың» деген секілді мәтін болуы мүмкін. Мұндай хабарламаға және сілтемеге ЕШҚАШАН сенбеңіз. Бұлар алаяқтар болуы мүмкін.

Редакция OpenAsia
Редакция OpenAsia
Автор материала

Читайте также

Вернуться в начало