Опубликовано 11.03.2020

Қазақстаннан шоколадтан өзге не апаруға болады: сыйлық жасауға қажетті 5 идея

https://www.instagram.com/art_aika/

Қораптағы шоколад, шай, шағын киіз үй және күйдіріп салынған суреті бар ағаш ыдыс – әдетте шет елге шыққандар Қазақстаннан көбінесе осындай сыйлықтар алып кетіп жатады. Бұл өнімдерді жақын маңдағы супермаркеттің бәрінен сатып алуға болады, оларды duty free дүкендерінен де табуға болады. The Open Asia редакциясы Қазақстаннан апаруға болатын айрықша сыйлықтардың 5 идеясын жасап шықты. 

Жіппен салынған сурет

Балжан Балташева – кәсіби фотосуретші. Ол табиғат пен адам бойындағы сұлулықты көре білетін әрі соны өз жұмысы арқылы көрсете білетін жан. Фотосуретші экспедицияларға қатысып, телевизиялық жобалар түсірумен айналысады, сондай-ақ, нағыз алматылық ретінде тауға шығып тұруды ұнатады. Өз өлкесінің көрікті келбеті Балжанды жіппен сурет салуға шабыттандырған екен. Ол жіп арқылы Қазақстан табиғатының сұлулығы мен биік шыңдарды бағындырып, шатыр тігіп, ашық аспан астында қонып жүрген немесе тау баурайларында шаңғы тебуден жалықпайтын саяхатшылардың ерекше жарқын өмірін бейнелейді. Балжан жіппен бейнелеу өнерін бейнесабақтар арқылы өз бетінше үйреніпті. Оның салған суреттері көз тартарлықтай көркем әрі терең мағыналы.

Дегенмен, оның шығармашылығы «тұрмыстағы әйелдердің» арқасында кеңінен танымал болған. Яғни, Балжан қазақ әйелдерінің рөліне айрықша көңіл бөледі. Оның көптеген суреттерінде бойжеткен қыздар шәй құйып отырады. Дәстүр бойынша әулетке түскен келін шәйді дұрыс құя білуі тиіс. Ол сол арқылы күйеуінің туыстарына өз құрметін білдіреді. Суретші еңбектерінде қазіргі заманғы қазақ қызы аздап жеңілтектеу әрі отбасы тірлігіне олақтау етіп көрсетіледі. 

Бие сүтінен жасалған шоколад

Бие сүтінің пайдалы қасиеттері туралы көшпенді қазақ халқы жақсы білген. Әдетте бие сүтінен емдік қасиеті бар қымыз жасалады. Ал көктем туғанда жұрт шаруа қожалықтарына барып, биенің жаңа сауылған сүті – саумал ішуге асығады.   

Алайда бие сүтін шоколадқа қосу туралы ойды алғаш рет Қазақ тамақтану академиясының басшысы, академик Төрегелді Шарманов көтерген. Әлемде мұндай шоколадтың баламасы еш жерде жоқ болғандықтан, академик бұл идеяны патенттеп алғанды жөн көріпті.    

Бұл шоколадтың құрамында қант жоқ. Керісінше, дәрумендерге, микро және макроэлементтерге бай, Омега3 пен Омега6 майлары көп өнім. Құрамында осындай заттары бар тәтті – жүрек-қан айналымы ауруларының, тіпті қант диабетінің алдын алады. Одан артық салмақ қоспайсыз. 

Бұл шоколадтың: кедр жаңғағы, орман жаңғағы, мейіз қосылған және жасанды өнім қосылмаған бірнеше түрі шығарылады. 

Қазақи ерекшелігі бар замануи өнімдер

Көптеген қызметкерлердің жұмысбасты өміріне талантты қазақ суретшісінің қазақша оюмен көмкерген қарапайым кеселерімен әр кіргізуі мүмкін.  

Суретші көп суретін қазіргі заманғы қазақ жастарына арнап салып жүр. Оның шығармашылығында қыздар мен жігіттер өте белсенді, гаджеттерін қолынан тастамайтын, заманға лайық жастар ретінде бейнеленеді. Сонымен қатар, олар ұлттық киімдерді де киюі мүмкін. Автор қазақ халқының тәңіршілдік дәуірінен бастау алатын түп-тамырын ескерусіз қалдырмайды. Суретші өз шығармашылығы арқылы аса бай ұлттық мұраны сақтауға және дамытуға шақырады. Ал өзге жұмыстары қазақстандықтардың әлеуметтік тұрмысын, олардың арман-мұңын, отбасылық құндылықтары мен махаббатын бейнелейді. Оның суреттері айрықша интерьерге көрік беріп, толықтыра түсуі мүмкін. 

Киізден жасалған бұйымдар

«Тұмар» брендінің бұйымдарын киіп жүру арқылы қазақ-қырғыз мәдениеті мен тұрмысының бір бөлшегін өзге жұртқа таныта жүруге болады. «Тұмар» – ұлттық оюмен безендірілген аяқ киім, сөмке, бас киім, мойынорағыш пен үй бұйымдарының бренді. Оның өнімдері ішінен табиғи киізден жасалған жылы, төзімді, экологиялық тұрғыдан таза, бактерия жинамайтын бұйымдарды табасыз.  

Киізден және жібектен жасалған мойынорағыштарға көз салсаңыз, олардың басылған киізден жасалғаны байқалады. Көп еңбекті қажет ететін бұл өнерге асқан шеберлік пен төзімділік керек. Барлық бұйымға алуан түрлі қазақи оюлар салынады.

Қолдан жасалған органикалық опа-далап
View this post on Instagram

Завтра всех наполнит предпраздничная суматоха и не будет времени зайти в инстаграм. Поэтому поздравляю с наступающим Новым годом и говорю «СПАСИБО» 😍🤭 Спасибо Вам за каждую покупку ❤️ За все эти суматошные дни декабря я ни разу не разочаровалась в вас ❤️ Да, были поздние звонки и смс, но я с удовольствием отвечала, так как знала, что ваши будни наполнены семейной суетой, поэтому свободное время появилось только сейчас. Я с удовольствием многим дарила небольшие подарочки к заказу, а вы мне прощали небольшие косяки, это человеческий фактор 😅🤗 Я хочу сказать всем партнёрам, что таких как Вы ещё поискать нужно, Вы самые лучшие ❤️🤗 Спасибо моей семье, мы отличная команда 👏🏼 Ну а теперь с Новыми силами в Новый год 🎄 Крепкого здоровья Вам и Вашим близким🙏🏼 🎄🎄🎄

A post shared by 🌿Семейная Мыловарня🌿 (@alatau.organic) on

Табиғи қоспалар қосылған, қолдан жасалып, әдемі қаптамаға оралған бұл бұйымдар – «Алатау Органик» косметикасының өнімдері. Өндірушінің айрықша мақтан тұтатыны – сабын. Бұл жерден ешкінің сүтінен, кокос майынан, бадам жаңғағынан, сұлы жармасынан, түрлі гүлден, жеміс-жидектен жасалған қалаған сабыныңды табуға болады. 

Бұл эко-брендтің иесі – Павел және Наташа атты ерлі-зайыптылар. Сабын қайнату идеясы дүниеге сәби әкелген уақыттан бастап пайда болыпты. Үй сабыны өнеркәсіптік сабыннан әлдеқайда жақсы әрі теріні құрғатпай, нәрлендіріп тұрады дейді өндірушілер. Өнімдер желісі әрдайым толығып, сабын жасау әдістері жиі жетілдіріліп тұрады екен.  

Мадина Жандарбекова
Мадина Жандарбекова
Автор материала

Читайте также

Вернуться в начало