Опубликовано 25.03.2020

COVID-19 вирусы: Не білуіміз керек?

pexels.com
COVID-19 вирусы мен тұмауды қалай ажыратуға болады?

«Медицина және инфекциялық аурулар профессоры мен вакциналарды зерттеу тобының директоры Грег Польша аллергия, тұмау мен коронавирус симптомдары туралы сұхбат берді», - деп жазады агенттік. 

Мамандардың айтуынша, мұрынның бітеліп, көздің қышуы – аллергия белгісі. 

«Мезгілдік аллергия мұрын мен көзге әсер етеді. Кейде дене бөртуі мүмкін», - дейді профессор. Оның айтуынша, коронавирус пен тұмау симптомдары жүйелі сипатта болады. 

«Тұмау мен жаңа коронавирус басқа да ағзаға әсер етеді. Мысалы, тыныс алу жолдарына әсер етуі мүмкін. Бұл екеуінде де әлсіздік байқалады, емделуші көбіне жата бергісі келеді. Бір қарағанда бұл екі ауру симптомдары бірдей және оларды ажырату мүмкін емес сияқты көрінеді», - деп жазады автор. 

Оның айтуынша, тұмау кезінде адам бірнеше күннен кейін өзін жақсы сезіне бастайды, ал коронавируста керісінше, күн өткен сайын жағдай нашарлай береді. 

«Коронавирус кезінде демікпе байқалады. Дегенмен, тұмау мен коронавирустың алғашқы сатыларында олардың еш айырмашылығы жоқ», - дейді профессор.

Антисептикті қолдан жасауға бола ма?

Үй жағдайында антисептикті жасауға болады. Дәл қазір ауадай қажет бұл медициналық қорғаныс құралын жасаудың рецептісін ДДСҰ өздерінің ресми сайтында ұсынған. 

Ол үшін не керек:

Медициналық спирт;

3 % сутегі асқын тоғы (бір шай қасық);

Глицерин (бір шай қасық);

Қайнатылған су (10-12 мл)

Дайындау жолы:

Антисептикті дайындау үшін спиртті үлкендеу ыдысқа құясыз. Мензурка немесе шприцтің көмегімен оған сутегі асқын тоғын қосасыз. Осыдан кейін осы қоспаға глицеринді араластырасыз. Мензурканы пайдаланбас бұрын оны ыстық сумен бір шайып алу керек. Осы қоспаны артынша қайнатылған суға араластырасыз. Талғамыңызға қарай аздап бояғыш немесе ароматизатор қосып қоюға да болады. Спирт ұшып кетпес үшін ерітіндінің бетін жауып қою керек. Осыдан кейін осы қоспаны абайлап флаконға құясыз.

Коронавирусқа қарсы вакцина қашан дайын болады?

ДДСҰ коронавирусқа қарсы 20-ға жуық вакцина түрін дайындап жатыр. Бұл қатарда медицинасы дамыған бірнеше алпауыт елдер бар.

Аталған індетпен күресуге әлемнің ең озық деген фармацевтикалық орталықтары, холдингтер және Оксфорд университеті, Луи Пастер институтының ғалымдары жұмыла кірісіп отыр. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, вирусқа қарсы вакцина 1 жылдан кейін дайын болуы мүмкін. 

Коронавирус түрлі зат беттерінде қанша уақытқа дейін сақталады?

Осыған дейін коронавирусқа тобына жататын басқа да вирустардың металл, шыны және пластика беттерінде 9 күнге дейін сақталатыны анықталған. Ал кейбір төзімді түрлері 28 күнге дейін шыдайды. Бұл ауа температурасына тікелей байланысты. 

COVID-19 вирусы жөтелгеннен кейін ауада жарты сағат көлемінде тірі тұратыны белгілі болды. Картон бетінде 24 сағатқа дейін, ал пластик және ламинатта, есік тұтқаларында және тот баспайтын құрышта 2-3 күнге дейін тұра алатынын анықтады. Ал, жез металдың үстінде вирус шамамен 4 сағатта өледі екен.

Марғұлан Ақан
Марғұлан Ақан
Автор материала

Читайте также

Вернуться в начало