Опубликовано 05.01.2020

Жақсылық жаса: Қазақстандағы 10 қайырымдылық ұйымы мен жобасы

pexels.com

Қазақстандағы қайырымдылық ұйымдары мұқтаж жандарға көмек беріп қана қоймай, оларға жаңаша дүниетаным қалыптастыра алады. Біз бұл мақалада сіздер қол ұшын беріп, көмектесе алатын балалар ұйымдары мен онкологиялық орталықтардың, жануарларға арналған қорлардың тізімін жинастырдық. Себебі, жақсылық жасау – адам өміріндегі ең басты нәрсенің бірі екені белгілі.

«Салауатты Азия»
Фото: pixabay.com, arembowski

Қор жобаларының бірі – Қазақстандағы және бүкіл Орта Азиядағы онкологиялық ауруларға шалдыққан балаларға арналған алғашқы балалар хосписі. Бұл қор науқас балалар мен олардың отбасыларына медициналық, психологиялық және материалдық көмек көрсетеді. 

Хосписке қалай көмектесуге болады: волонтер болуға болады немесе СМС, Qiwi терминалы, онлайн немесе банк шоты арқылы ақша аударуға болады.

«Дара»
Фото: dara.kz

Қор балаларға арналған медициналық мекемелерге, балалар үйлеріне, сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектеп-интернаттарына көмектесуді бағдар еткен жобаларды жүзеге асырып келеді. «Дара» қоры сонымен қатар, инклюзивті білім беруді қолдап келеді. 

Қорға қалай көмектесуге болады: ай сайын онлайн, банк шоттары, бокстар арқылы жарна құйып отыруға немесе бір реттік садақа тастауға болады.

«СӘБИ»
Фото: saby.kz

Бұл қор жетім балаларға, денсаулығында ауыр кінәраты бар балаларға және талантты балаларға көмек көрсетумен айналысады. Сондай-ақ, ерекше қажеттілігі бар адамдарға жәрдемдеседі. Одан өзге, қоршаған орта саласында да жұмыс істейді. «Сәби» қорының каспийлік итбалықтар санын қалпына келтіруге арналған жобасы да бар.

Қорға қалай көмектесуге болады: онлайн, банк шоты арқылы немесе қор кассасына ақша аударуға немесе криптовалютамен садақа тастауға болады.

«Азамат әлеуеті»
Фото: azamataleueti.kz

Бұл қор халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобына қолдау білдіреді. Оларға өз бетінше өмір сүру дағдыларын үйретіп, мамандығы бойынша еңбек дағдысын қалыптастырып, өмірлік қиын жағдайларға тап болған адамдарға арнап курстар мен семинарлар өткізеді. 

Қорға қалай көмектесуге болады: сіз волонтер болып немесе ақшалай көмек беріп, қажетті заттарын сатып алып көмек көрсете аласыз немесе ақпараттық қолдау көрсетсеңіз болады.

«Ракқа Қарсы Бірге Күресеміз»
Фото: pixabay.com, marijana1

Қор онкологтар мен қоғам белсенділерінің бастамасы бойынша 2008 жылы құрылған. Бұл үкіметтік емес ұйымның басты мақсаты – қазақстандық онкологиялық қызмет жүйесіне көмек беру, аурудың алдын алу, диагностика жасау сапасын арттыру және онкологиялық аурулармен ауыратын науқастарды сауықтыру.

Қорға қалай көмектесуге болады: онлайн түрде ақша аудару.

«WeArt»
Фото: weart.asia

Әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларына арналған шығармашылық орталық 2018 жылдың 5 қарашасында ашылған. WeArt — жастардың SMM, диджитал-маркетинг, копирайтинг, видеомонтаж және фотография курстарына тегін қатыса алатын әлеуметтік жоба. Үш айға есептелген бағдарламаға сонымен қатар, шешендік шеберлігі мен өзін-өзі таныстыру дағдыларын үйрететін soft skills дамуы да кіреді. 

Орталыққа қалай көмектесуге болады: оның дамуына үлес қосамын десеңіз, көпбалалы аналар өз қолымен тіккен кеудешені 15 мың теңгеге сатып алсаңыз болады.

«28 ілмек»
Фото: club28petel.kz
«Мама, я в шапке»
Фото из личной страницы в Facebook

Алматыда суда жүзуден жаттықтырушы Дмитрий Куцель қатерлі ісіктің сирек түріне шалдыққан анасының еміне қаржы жинау үшін «Мама, я в шапке» деген жазбасы бар киімдер топтамасын шығарған. Науқас әйелдің еміне шамамен, 16 миллион теңге қажет болған. Алайда, өкінішке қарай, Дмитрийдің анасы 16 қаңтар күні дүниеден өтті. Дегенмен, бастама авторлары акция жұмысын жалғастыра беретіндерін, одан түскен қаржының қатерлі ісікке шалдыққан науқастарға көмектесуге жұмсалатынын мәлімдеді. 

Қалай көмектесуге болады: «Мама, я в шапке» деген жазбасы бар бас киімді 4 мың теңгеге сатып алуыңызға болады. Киім жиынтығына футболка, худи және бомбер кіреді. Киімді киіп көру және сатып алу үшін Алматы қаласындағы Байзақов көшесі, 263 үйге (Жамбыл көшесінің қиылысы) келуге болады.

«KARE-ҚАМҚОРЛЫҚ»
Фото: pixabay.com, Alexas_Fotos
«Жаңа мүмкіндік»
Фото: pixabay.com, Alexas_Fotos

Қордың басты мақсаты – далада қалған жануарларға көмектесу. Қор өз жұмысын 2013 жылы бастап, алғашқы пана-жайды Боралдай елдімекенінде ашты. Бүгінгі күні волонтерлер мен қор қызметкерлерінің белсенді жұмысының нәтижесінде 60 қаңғыбас итті жинап, бағуға мүмкіндік туған. Қаңғыбас жануарларды паналау орнына орналастырып, тұрақты түрде медициналық тексеруден өткізіп, оларды асырап алатын адамдарға беріп отырады. 

Қорға қалай көмектесуге болады: ақшалай көмек беруге, жануарлар тамағын әкеп беруге немесе ерікті болуға болады.

Фариза Оспан
Фариза Оспан
Автор материала

Читайте также

Вернуться в начало