Аса ештеңе бола қойған жоқ. Осы аптада дүние жүзі Энергия үнемдеу күнін атап өтеді. Электр қуатын үнемдеу экологиялық та, экономикалық та жағынан маңызды екеніне дау жоқ. Тек, оны қалай жүзеге асырамыз? Үнемдеудің бірнеше тәсілін ұсынып көрейік.
Айтқандай, шамды тек бөлмеден ұзаққа шығып бара жатсаңыз ғана өшірген дұрыс, Ал бөлмеден кіріп-шығып жүрсеңіз, әр шыққан сайын шамды өшіріп, жағу электр энергиясын үнемдемек түгілі, оның шығынын арттыра түседі. Лампалар да ертерек істен шығады. Бөлмеден кем дегенде жарты сағатқа шығып бара жатсаңыз ғана шамды өшіріп кету керек.
Кәдімгі қызу шамдары 41 күнге; Люминисцентті лампа - 7-11 айға; Жарық диодты лампа - 5-10 жылға жарайды. Әрине, лампалар Қытайдың бір қалашығындағы жертөледе емес, сенімді өндіріс орнында жасалса ғана осынша уақыт қызмет етпек.
Иә, люминисцентті лампа шынымен қауіпті, жарық диодты лампа - қауіпті емес. Оның үстіне, люминисцентті лампаның қаупі де тек дұрыс утилизацияланбағанда ғана. Ал бұл жағынан ұяттымыз. Люминисцентті лампалардың ішінде адамға зиянды сынап сынды элементтер бар екенін біле тұра, не оларды қабылдап жинайтын арнайы орындар жоқ, не тұрғындар өзі ұқыптап жинап тастауды білмейді. Одан бөлек, люминисцентті лампа қойылған бөлмені жиі-жиі желдетіп, сынап булары жиналмауы үшін ауасын алмастырып тұру керек.
Жарық диодтар құрамында сынап жоқ, сондықтан да олар мүлде қауіпсіз. Олар көбінесе медицина мекемелері, мектептер мен балабақшалар үшін шам жасауда қолданылады. Істен шыққан жарық диодты лампаларды кәдімгі қоқыс жәшігіне тастауға болады. Одан зиян жоқ. Оның үстіне, жарық диодты лампалар инфрақызыл және ультракүлгін сәуле де шығармайды.
Біріншіден, тұрмыстық техниканың жағдайын қадағалап жүріңіз. Мысалы, тоқ шәугімді қақтан тазалап отыру керек, өйткені, шәугімнің ішіне тұрған қақ оның жылу өткізгіштігіне бөгет болады, сөйтіп, энергия тұтынуын арттырады. Немесе тоңазытқыш: оны жылу көзі - терезе немесе жылыту радиаторының жанына қойса, ол қажет температураны сақтау үшін күшене жұмыс істеуіне тура келеді де, энергия шығыны артады. Әйнек жабылған балконда тұрған тоңазытқыш жылы асүйде тұрған тоңазытқышқа қарағанда пайдалырақ әрі тиімдірек. Екіншіден, тұрмыстық техника сатып аларда оның энергия тұтыну класына мән беру керек.
Үйді қаптау керек. Біріншіден, тесіктердің бәрін бітеңіз, тозған терезені пластикке алмастырыңыз. Екіншіден, қыста терезеге қалың перде іліп, сыртқы есік пен балконды да қымтап, нығыздап жауып жүрген дұрыс болады. Сонда сіз 50 пайызға дейін жылу үнемдей аласыз.
Перде қалың, бірақ ашық түсті болса - бөлме қараңғы болмайды. Оның үстіне, жалпы бөлменің жасауы ашық түсті болса - ол жарықты шағылыстырып, электр энергиясын үнемдеуге сеп болады.