Опубликовано 22.12.2020

Фрод дегеніміз не?

Фрод дегеніміз – ақпараттық технология саласындағы алаяқтықтың бір түрі. Фродқа рұқсат етілмеген әрекеттер мен ресурстарды заңсыз пайдалану жатады. Халықаралық ұялы телекоммуникация ассоциациясының деректері бойынша, фродтың әсерінен әлемде жыл сайын 1 млрд доллар ұрланады екен.

 

Фродтың қандай түрлері бар?

 

SMS-фрод

 

Алаяқтар абоненттердің қатысуынсыз ақылы қызметтерді қосу үшін SMS-сұратулар жібереді. Егер сіз хабарламада көрсетілген белгісіз сілтеме арқылы өтсеңіз, ақылы қызметтер үшін бірлігіңізді алып қояды. Яғни сіздің келісіміңізсіз абоненттік төлем жасалады, ал ұсынылған қызметтерді ала алмауыңыз мүмкін.

 

GSM-фрод

 

Алаяқтар сізге қоңырау шалып, шотына ақша жіберуіңізді сұрайды. Жақын адамыңыз апатқа түскенін немесе қиын жағдайға тап болғанын айтып, көмектесуіңізді талап етеді. Сіздің есебіңізден сөйлесіп, SIM-картаны көбейтеді.

 

Банктік фрод

 

Интернеттегі алаяқтықтың танымал түрі – банк картасының мәліметтерін ұрлау және сол арқылы ішіндегі ақшаны тонау.

 

Қалай жүзеге асуы мүмкін?

 

-   Сіз карта деректерін қорғаныс деңгейі төмен сайтқа енгіздіңіз (SSL-сертификаты жоқ сайт).

 

-   Мәліметтеріңізді фишингтік сайтқа енгіздіңіз. Мысалы, PayPal әмияныңыздың логині мен паролін тіркеген сайтыңыздың домені pavpai.com боп шықты. Бірақ сізге қажетті сайттың домені – paypal.com.

 

-   Банкинг құпиясөзінің қарапайымдылығы. Мәселен, туған күніңізді құпиясөз ғып қойсаңыз, алаяқтар сіз жайлы мәліметтерді біліп алып, картаңызды оңай ашып алады.

 

Бұл мақалада фродтың негізгі түрлерімен таныстыңыз. Егер фродтық алаяқтыққа тап болсаңыз, полицияға хабарласыңыз. Осылайша желідегі ұрлықтың санын азайта аласыз.

Читайте также

Вернуться в начало