Опубликовано 28.10.2020

Күдік тудыратын қоңырау мен хабарлама: Нені ескеру керек?

Күдік тудыратын қоңырау мен хабарлама: Нені ескеру керек?
Алаяқтардың күдік тудыратын қоңыраулары мен хабарламаларына алданып қалдыңыз ба? Қалай ажырату керек?

Әлеуметтік желі арқылы адамдардың сеніміне кіріп, олардың ақшасына қол жеткізгісі келетін алаяқтар түрлі әдісті пайдаланады. Солардың ішінде кең тарағаны - қоңырау соғу арқылы немесе хабарлама қалдыру.

 Күдік тудыратын қоңырау

 Алаяқтар заңсыз жолмен болсын сіз бен біздің тіркеудегі телефон нөмірімізді тауып алады. Олардың қолында үлкен база бар. Бұл базаны біз өзіміз береміз. Себебі кез келген тіркелу келісімшартында телефон нөміріңізді көрсету және өзіміз туралы толық ақпарат беруді сұрайды. Келісімшартты оқымастан келісім береміз.

 Алаяқ күдік тудыратын қоңырау соғып, алғашқы бір минут ішінде үнсіз тұруы мүмкін. Ол сіздің сол нөмірді белсенді түрде пайдаланатыңызды тексереді және екінші рет қайтадан қоңырау соғады. Бұл араға бірнеше күн салып қайталануы мүмкін.

 Кей кезде сізге алаяқтардың арнайы дайындаған боттары да қоңырау соғады. Олар дайын мәтінді оқып, сізге жарнама агенттігіміз немесе белгілі бір мекемеден хабарласып тұрмыз деп түрлі жауап береді.

 Мәселен, сізге бейтаныс нөмірден қоңырау келеді немесе өзге елдің коды жалғанған басқа нөмірмен де хабарласады.

 Банк атынан немесе түрлі онлайн қызмет көрсететін ұйым атынан хабарласып, сізге бірнеше сұрақтар қоя бастайды. Мұндай жағдайда көпшілік алданып, сұрақтарға жауап беріп, өзі туралы ақпаратты қалай беріп қойғанын білмей қалады.

Алаяқтардың қоңырау соғу әдістері:

 -        Телефон соғып, бірақ үнсіз тұрады;

-        Бірнеше нөмірден хабарласуы мүмкін;

-        Дайын бот, спам қоңыраулар келеді;

-        Бейтаныс, өзге елдің коды жалғанған түсініксіз нөмір арқылы;

-        Банк атынан, жұмыс орныңыздан, басқа да түрлі мекеме атынан хабарласу арқылы;

-        Қоңырау соғып, сіздің тез әрекет етуіңізді талап етуді де әдетке айналдырған;

-        Дауысын өзгерту арқылы немесе сіздің жақыныңыз секілді сөйлесу;

-        Қоңырау соғы, сіздің атыңызды атау арқылы;

Алаяқтар сіздің телефоныңыз тіркелген нөмір арқылы атыңызды атап хабарласады. Егер «иә» деп жауап берсеңіз, сізге түрлі сұрақтар қою арқылы қорқытып, заң шеңберінде сөйлеп, үлкен айыппұл төлейтініңіз жайында ақпарат бере бастайды. Толық тексеріп алмаған соң, адам сеніп қалуы мүмкін.

Күдік тудыратын 5 хабарлама: Алданып қалмаңыз!

 1. Сыйлық туралы хабарлама

 Сізге белгісіз бір нөмірден хабарлама келеді (смс). Онда сыйлық туралы айтылады және сілтемеге өту керек. Мұндай жағдайда OLX сарапшылары ЕШҚАШАН сілтемені басып, не бар екен деп көрмеуге кеңес береді .

 2. Көлемді ұтыс туралы хабарлама

 Алаяқтар адамдардың әлеуметтік жағдайын пайдаланып, оларға көлемді ұтыс ұтып алғаны туралы спам хабарлама жібереді. Бұл әдісті қазір месенджерде де пайдаланып жүр. Нәтижесінде сіз алданасыз. Себебі сізге ұтысты алу үшін комиссия деп азғантай төлем жасау керек болады. Сіз келісім беріп, төлем жасаған кезден бастап, алаяқтар банктік картаңызға немесе жеке ақпарттарыңызға қол жеткізеді.

 Еген ЕШҚАНДАЙ ұтысқа қатыспаған болсаңыз, мұндай хабарламаны оқымауға кеңес береміз.

 3. Тегін хабарлама

 Сайттардан тегін көмектесетін немесе тегін пайдалануға болады дейтін бірнеше ақпаратты көруге болады. Сіз бұл жағдайда бәрі тегін екен деп, өзіңіз туралы ақпаратты және банк картаңызды тіркейсіз. Алғашында тегін секілді көрінгенімен, ертесінде сіздің картадан аз мөлшерде болсын ақша ала бастайды.

 Ескерту, алаяқтар сізге көрінбейтін немесе сіз байқамай қалатын жазулармен бұл туралы келісімшартқа енгізіп қояды. Сіз келісім бергеннен бастап оларға тонау оп-оңай.

 Кез келген жағдайда тегін қызмет көрсетуге сеніп, сілтемеге өтіп немесе күдік тудыратын хабарламарға жауап бермеңіз.

 4. Шпион-хабарлама

 Қазір әлеуметтік желіде хабарлама немесе месенджер арқылы шпион хаттар көп келеді. Мысалы, «бизнес туралы идеяларға жазыл», «өзіңнің жартыңды тап» деген секілді адам психологиясына әсер ететін мәтіндер арқылы сізге сілтемеге өтуге немесе бағдарламаны жүктеп алуға мәжбүрлейді. Келісім беріп, java ойынды не бағдарламаны көшіру арқылы ақшаңыздан айырылып қаласыз.

5. Жақындардан келген хабарлама

 Туған-туыс немесе жақын бір адамдардың атынан қиын жағдайға тап болғаны туралы немесе қарызға ақша бере тұруын сұрайтын мәтіндегі хабарлама келеді. Сізге таныс адамның атынан келген хабарламаға сеніп, оған аударым жасайсыз. Алайда ол нөмірді алаяқтар өздеріне алып үлгерген және сіз секілді оның бірнеше досынан ақша алуды көзейді.

 OLX мамандары мұндай хабарлама келген кезде бірден телефон соғып, алаяқ еместігін анықтап алу керек дейді.

OLX ұсынған қауіпсіздік шараларын оқыңыз!

Редакция OpenAsia
Редакция OpenAsia
Автор материала

Читайте также

Вернуться в начало