Опубликовано 20.02.2020

ХРИСТИАН ҚАЗАҚ БОЛҒАН ҚАНДАЙ: АЗАМАТТЫҢ ӘҢГІМЕСІ

pinterest.com

Егер статистикаға сенсек, қазақстандықтардың 75%-ы Құдайға сенеді екен. Қазақстан зайырлы мемлекет саналса да, халықтың басым көпшілігі – мұсылмандар. Екінші орында христиан діні тұр, оны халықтың 26,2%-ы ұстанады (2009 жылғы деректер). The Open Asia мұсылман елінде тұрып, Христосқа сенудің қандай екенін айтып берген қарағандылық экономист әрі психолог Азамат Жаманчинмен әңгімелескен еді.

Азамат Жаманчинов
ДІН ЕМЕС, СЕНІМ

Мен дін деген сөзді қолданудан қашамын. Мен үшін дін – ережелер мен рәсімдер жиынтығы. Академиялық тілмен емес, қарапайым тілмен айтсақ, маған сенім деген ұғым жақынырақ. Мен бала кезімде теледидардан «Суперкітап» мультфильмін қарап отырып, алғаш рет дінді құбылыс  ретінде таныған едім. Одан кейін жергілікті арна Иисус туралы көркем фильм көрсетті. Кейіннен достарымның қолынан Інжілді бірінші рет көріп, сұрап алып оқып шықтым. Мен христиандық сенімге жасөспірім шағымда келдім. Сол кездері біздің осы ерекше қызығушылығымды байқаған ата-анамыздың тыйым салмақ болғаны да есімде. Бірақ қатаң тыйым салып, ұрысқан емес,  «Біз қазақпыз, бұл дін біздікі емес» деумен ғана шектелген болуы керек. Сөйтіп мен 15 жыл бұрын саналы түрде христиандықты қабылдадым. Христос – менің Құдайым деп сенемін.   

Мен Інжіл ережелерін емес, қағидаларын басшылыққа аламын. Негізгі қағидалар  Жаңа өсиетте жазылған. Онда айтылатын дұғалардың ішіндегі ең танымалы – «Құдайды, өзіңді Жаратушыны бар жан-тәніңмен, сана-сезіміңмен және шын жүрегіңмен жақсы көр» және «жақыныңды өзіңдей жақсы көр».

СОЛ КЕЗДЕРІ БІЗДІҢ ОСЫ ЕРЕКШЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫМДЫ БАЙҚАҒАН АТА-АНАМЫЗ ТЫЙЫМ САЛМАҚ БОЛҒАНЫ ЕСІМДЕ. БІРАҚ ҚАТАҢ ЖАЗАЛАП, ҰРЫСҚАН ЕМЕС, «БІЗ ҚАЗАҚПЫЗ, БҰЛ ДІН БІЗДІКІ ЕМЕС» ДЕУМЕН ҒАНА ШЕКТЕЛГЕН БОЛУЫ КЕРЕК.
ТӨЗІМСІЗДІК ЖАЙЛЫ

Жасөспірім шағымда көп қысым көрдім, мен жүрген орта өте қатыгез еді. Мәселе сенің сеніміңнің қандай екенінде емес, неңмен ерекшеленіп жүргеніңде болатын. Қазіргі уақыттағы мен араласатын орта түрлі «ерекшелікке» төзімділік таныта біледі. Дегенмен, Қарағандыда кейде христиандыққа сенетін қазақ екеніңді біле қалса, соны пайдаланып, қысым жасағысы келетіндер табылып тұрады. Олар сенің өзге сенімде болғаның үшін емес, әлеуметтік теңсіздіктерге қатысты азаматтық және қоғамдық белсенділігіңді басып тастау үшін солай етуге ұмтылады, көбінесе «кеңседе» отырған адамдар осы әдісті қолданады.   

Мен өз сенімімді жұртқа жая бермеймін. Бірақ жасырмаймын да. Егер әңгіме менің немесе өзгелердің сенімі туралы болып жатса, өз ұстанымымды қашанда ашық айтамын.   

Уақыт өте келе мен өз шекарамды сезініп, өзгелерді де құрметтеу керек екенін айқын түсіне бастадым. Сондықтан егер әңгіме барысы кінәлаған немесе жақтырмаған сипатқа ауыса бастаса, үлкендерге қалай дұрыс жауап беруді үйрендім. Кейде мен өз ата-бабамыздың сеніміне қайтып оралдым дей саламын, кейде мұның өз таңдауым екенін дәлелдеп, құрметпен қарауды, ең болмаса жағымсыз пікірлер айтпауды ашық сұраймын.    

УАҚЫТ ӨТЕ КЕЛЕ ӨЗ ШЕКАРАМДЫ СЕЗІНІП, ӨЗГЕЛЕРДІ ДЕ ҚҰРМЕТТЕУ КЕРЕК ЕКЕНІН АЙҚЫН ТҮСІНЕ БАСТАДЫМ.
ҚАЗІРГІ ӨМІР САЛТЫ ЖӘНЕ ДІН

Қазіргі күні әсіресе қалалық жерлерден ешқандай қиындықты көріп тұрған жоқпын. Ауылда немес аудандарда тұратын өзге сенім иелеріне біршама қиын шығар, бірақ өз тәжірибемде болмағандықтан, олар жайлы ештеңе дей алмаймын. Ал үлкен қалалар туралы айтсақ, қайта басым тұстары көп екені анық. Қалада айналаңдағылардың пікірін маңызды санайтын қауымдық өмір салты жоқ. Керісінше, рухани тұрғыдан тәжірибе жинақтап, емін-еркін өзіңді өзің дамыта беруге, шіркеуге, мешітке, басқа да діни орындарға бара беруге болады. Діни зерттеу еңбектері, кітаптар, үгіт-насихат құралдары сияқты түрлі ресурстардың бәрі қолжетімді. Салыстырып, талдау жасап, ақиқатты іздеуге мүмкіндік бар.

Айдана Токтаркызы
Айдана Токтаркызы
Автор материала

Читайте также

Вернуться в начало