Опубликовано 23.12.2020

Қауіпсіз келіссөздер жасау: жалған сатып алушыларды қалай анықтауға болады?

Алаяқтар тек сатушылар ғана емес, сатып алушылар да болуы мүмкін. Бұл мақалада біз олардан қалай қорғану керектігін айтамыз.

 

Сатып алушының рөліндегі алаяқтар негізінен банк картасы арқылы төлем жасайтынын айтып, сізді соған көндіреді. Алаяқ картаңыздың нөмірін, артқы жағындағы барлық құпия деректерді, CVC-код, қолдану мерзімін, банктен келген SMS-кодтарды сұрайды. Тауарды «брондап қоямын» деп, алдын ала төлем жасауға ниет білдіреді.

 

Алаяқтарды қандай іс-әрекетінен танимыз?

 

1.    Потенциалды сатып алушы образын жасап алған алаяқ сізбен мессенджер арқылы сөйлеседі. Нақты сұрақтар қойып, тауардың фотосын, видеосын сұрайды.

 

2.    Тауарды тексерген соң, алаяқ тауарды сатып алуға дайын екенін айтады. Бірақ «сатып алушы» басқа қалада тұратынын және тауарды өзі алып кете алмайтынын жеткізеді.

 

3.    Сондықтан жеткізу қызметінің көмегін сұрайды. Бірақ жеткізу қызметі, мәселен, OLX сервисінде жоқ. Сондықтан бұл алаяқтың құрған көп айла-амалдарының бірі болуы мүмкін.

 

4.    Егер жеткізу қызметіне келіссеңіз, онда сізге банк картасының деректерін толтыратын форманың сілтемесін жіберуі мүмкін. Онда карта нөмірін, CVC-код, қолдану мерзімі, банктен келген SMS-код, басқа да деректемелерді жазуыңыз керек болады.

 

5.    Осы арқылы алаяқ картаңыздағы ақшаңызды оңай ұрлап алады. Барлық жеке мәліметтеріңіз алаяқтың қолына өтеді.

 

Интернет арқылы сауда жасасқанда абай болыңыз. Сатып алушымен хат алмасу сервисте ғана жүру керек. Тауарыңыздың төлемін алу үшін банк картаңыздың нөмірін берсеңіз де жеткілікті екенін ұмытпаңыз. Сондықтан ешкімге картаңыздағы CVC-код, қолдану мерзімі жайлы мәліметтерді бермеңіз. Сауда жасасып жатқан сервистен өзге сілтемелерге өтпеңіз.

 

Егер бәрібір де алаяқтыққа тап болсаңыз, міндетті тұрде қолдау қызметіне және полицияға хабар беріңіз.

Читайте также

Вернуться в начало