Опубликовано 24.11.2020

Қауіпсіздіктің 5 алтын ережесі: есте сақтаңыз!

Кез келген жерде қауіпсіздік бірінші орында. Адамның жеке басына байланысты ақпараттан бастап, оның сатып алатын заты, төлем жасауы, өз туралы ақпараттарды сақтауы бәрі де осында. 

Қазір онлайн сауда жасау арқылы алаяқтардың көбейгені ескере отырып, Qadam.asia редакциясы OLX сарапашылармен бірге сізге керек керек қауісіздіктің 5 алтын ережесін ұсынады. Бұл ережені есте сақтаңыз!

 

Шындыққа келмейтін хабарландырудан абайлаңыз!

Алаяқтар сізді алдау үшін сұлу сөздерді, әдемі мәтіндерді, хабарландыруларды пайдаланады. Бәрі шынайы, бәрі керемет болып көрінуі мүмкін. Алайда мұның соңы сіздің алданып қалуыңызға әкеледі. Ол үшін сізге сақ болу керек.

Мәселен, алаяқтар нарықтағы бағада тұрған кез келген өнімді бірнеше есеге арзан бағада сатуды көздейді. Сіз «арзан» екен деп алданып қалуыңыз мүмкін. Одан кейін, сауатсыз, қате-қате жазылған мәтіндерден, калька аудармалардан сақтаныңыз.

 

Байланысуға қажет деректерді құпия ұстаңыз және OLX чатында сөйлесіңіз!

OLX чаты – өзге клиенттермен хабар алмасуға таптырмас канал. ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН: Сіздің жеке құпия құжаттарыңыз (байланыс нөмірі, куәлік, банк картасының нөмірі т.б) ең құнды нәрсе. Сондықтан да OLX сарапшылары сізге өзіңіз туралы кез келген ақпаратты жариялай бермеуді ұсынады.

 

Алдын ала төлем, жеткізу қызметі дегеннен сақтаныңыз. Әсіресе халықаралық деңгейде...

Барынша ақылды әрі анализ жасауға қабілетті болыңыз. Егер ішкі интуиция сенімсіз болса, алдын ала төлем мен жеткізу қызметінен бас тартыңыз. 

Егер төлем жасап қойған болсаңыз немесе бас тарта алмайтын жағдай болса, «онлайн-бақылау» қызметін пайдаланыңыз. Дәл осы жағдайда сергек болыңыз! Бұл өте маңызды.

 

COVID-19: қауіпсіз сауда жасаудың жолын таңдаңыз! 

Әлемде болып жатқан пандемия әлі аяқталған жоқ. Қазақстанда да бұл көрсеткіш әр аймақта түрлі жағдайда өсіп келеді. Сондықтан онлайн сауда жасасаңыз, жеткізу қызметіне жүгініңіз. Алайда естен шығармайтын нәрсе бар: жеткізу қызметінің өзін қадағалап, онлайн-бақылауда ұстаңыз. 

Ал мүлде сенімсіз болсаңыз және жеке кездесу арқылы тауарды сатып алу керек болса, онда барлық гигиена талаптарын сақтаңыз. Бұл жерде сіздің алданып қалуыңыздан бұрын, өміріңіздің қауіпсіздігі бірінші орында тұр. 

 

Төлемей тұрып, тексеріп алыңыз!

Алаяқтар сізді алдау үшін барлық айланы жасайды. Сондықтан ең бірінші кезекте ақшаны аударып жіберместен бұрын, тауардың жарамдылық мерзіміне, оның толық жұмыс істеп тұрғанына қараңыз. Бәлкім сатушы сізге ескертпеген нәрселер болуы мүмкін, күдік тудыратын сұрақтар болса сұрап, тексеріп барып алыңыз. 

 

Кез келген жерде, кез келген уақытта тауарға төлеместін бұрын оны тексеріп алыңыз!

Редакция OpenAsia
Редакция OpenAsia
Автор материала

Читайте также

Вернуться в начало