Опубликовано 20.03.2020

КОРОНАВИРУС: ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ АЛАҢДАТҚАН 10 СҰРАҚҚА ЖАУАП

pexels.com

Қазақстанда төтенше жағдай жарияланды және республикадағы басты екі қала (Алматы мен Нұр-Сұлтан) карантиге жабылды. Қазақстандықтарды алаңдатқан 10 сұраққа жауап.

Коронавирус қалай жұғады?

Аталған вирус (Covid-19) адамнан адамға жұғады. Науқас адам ауаға түшкірген кезде тарайды. Вирус аурып жүрген адамнан басқа адамдарға тез жұғады.

Алғаш тапсырған сәтті анализден кейін адам ағзасынан вирус қайта табылуы мүмкін бе?

Дәл қазір вирустың жұғуы біржақты емес. Алғашында адам ағзасынан анықталмауы мүмкін. Сондықта дәрігерлер бірнеше анализ алып, тексереді.

Адамда вирус белгілері болып, бірақ анализден кейін ағза таза болса, онда вирус ол адамға жұқпаған.

Вирустан сақтану үшін қандай шараларды қолдану керек?

- Қолыңызды жиі сабындап жуыңыз. Құрамында спирт бар құралдарды пайдаланып, алақанды, қолдың сыртын, саусақтарын арасын ашып жуыңыз. Бұл ең бірінші ескеретін қағида;
 

- Мұрныңызды, көзіңізді қолыңызбен ұстамаңыз. Барынша сақтық жасау арқылы (қолды жуған соң) ғана әрекет етіңіз;

- Көпшілік ортада не сыртта жүретін жағдай болса, міндетті түрде маска киіңіз және антисептик пайдаланыңыз;

- Көпшілік жиналатын жерге, қоғамдық орындарға, түшкіріп не жөтеліп отырған адамдардың қасында отыруға болмайды. Вирустың ең тез тарайтын аймағы да осы жерлер;

- Отбасында мерекелік шара, той, туған-туыстардың басын қосып қонаққа шақыру секілді адам көп жиналатын ұйымдастыру шараларын тоқтату керек.

Қазақстанға кімдер кіріп-шыға алады?

Қазақстанда 16 наурыздан 15 сәуірге дейін енгізілген төтенше жағдай күшіне енді. Бұл уақыт аралығында еліміздің шекарасынан өткізу тәртібінің күшейетіні бұған дейін айтылған болатын. Сыртқы істер министрлігі төтенше жағдай кезінде ел аумағына кімдердің кіруіне және елді тастап кімдердің кетуіне болатынын хабарлады.

Төмендегі жағдайлардан басқа барлық азаматтарға Қазақстан аумағына кіруге және одан шығуға тыйым салынады:

  • бұрын шет мемлекеттің аумағына шыққан және Қазақстан Республикасына қайтып келген Қазақстан Республикасының азаматтары;
  • денсаулық сақтау мекемелерінің растайтын құжаттарын ұсынып, шетелге емделуге шығатын Қазақстан Республикасының азаматтары;
  • осыған дейін Қазақстан Республикасының аумағына кірген және елден шығатын шетелдіктер;
  • еліміздің және шет мемлекеттердің дипломатиялық қызмет персоналы және олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстанға келетін шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар делегацияларының мүшелері;
  • поездық және локомотив бригадаларының, әуе және теңіз кемелері экипаждарының мүшелері;
  • Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік трансшекаралық құрылыстарға қызмет көрсететін персонал және шектес мемлекеттердің аумағындағы қазақстандық трансшекаралық құрылыстарға қызмет көрсететін персонал;
  • шектеулерді енгізгенге дейін (2020 жылғы 16 наурыз сағат 08.00-ге дейін) жолға шыққан және транзиттік жолаушылар поезымен жолда келе жатқан шетелдіктер;
  • Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиярхаттары бар шетелдіктер (азаматтығы жоқ тұлғалар);
  • Қазақстан Республикасы азаматының отбасы мүшесі болып табылатын шет ел азаматы (туыстық байланыс фактісі расталған жағдайда – жұбайы (зайыбы), олардың ата-аналары мен балалары).
Карантин кезінде Алматы мен Елордаға кімдер кіріп-шыға алады?

19 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласында карантин енгізіледі. Аталған жағдайда қалаға төмендегі адамдар кіре алады және шыға алады:

- бұған дейін қаладан шығып кеткен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының тұрғындары;

- бұған дейін қалаға кірген басқа өңірлердің тұрғындары қаладан шығатын болса; 

- бұған дейін шетелдерге шығып кеткен ҚР азаматтары (олар Қазақстан Республикасына оралған жағдайда);

- бұған дейін елден шығу үшін ҚР аумағына кірген және елден шығып кету мақсатында әуе көлігімен шығатын шетелдіктерге; 

- шетелдіктер (азаматтығы жоқ тұлғалар), Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар тұлғаларға;

- бұған дейін шетел мемлекетінің аумағына шығып кеткен ҚР азаматтары Қазақстан Республикасына оралған жағдайда;

- емделу үшін шетелге шығатын ҚР азаматтарына, олардың денсаулық сақтау мекемелерінің растаушы құжаттары болған жағдайда;

- елдің және шетел мемлекеттерінің дипломатиялық қызметінің персоналы және олардың отбасы мүшелеріне, сондай-ақ Қазақстанға ҚР Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша бағыт алған шетел мемлекеттерінің және халықаралық ұйымдардың делегация мүшелеріне;

- пойыз және локоматив бригадаларының мүшелеріне, сондай-ақ теміржол тасымалы процесіне қатысатын тұлғаларға, әуе, теңіз көліктерінің экипажына, халықаралық жүк тасымалын жүзеге асыратын жүк автокөлігі құралдарының жүргізушілеріне; 

- Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасы мүшелері болып саналатын шетелдіктерге (туыстық байланыс фактісі - ері (зайыбы), олардың ата-аналары мен балалары екені расталған жағдайда); 

- Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жұмыс істейтін, қала маңы аумақтарында тұратын тұрғындарға;

- әуе және темір жол транзиті қатынасымен жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарына; 

- басқа да ерекше жағдайларда, мұндай жағдайлар COVID-19-бен күресу жөніндегі қалалық штабтарда дербес тәртіпте қаралады. 

Айта кету керек, 22-наурызда Алматы қаласы толығымен жабылады. Осыған байланысты алматылықтарға қалаға оралуға 72 сағат берілді. Дәл осы уақытта Алматы қаласы теміржол және әуе қатынастарын толығымен тоқтатады. 

Төтенше жағдайда қазақстандықтардың несие төлеуі қалай жүзеге асады?

Коронавирусқа байланысты енгізілген төтенше жағдай кезінде қазақстандықтар несиені уақытында төлей алмаса, өсімпұл мен айыппұл есептелмейді. 

Жеке тұлғалар үшін:

Несие төлей алмаған жағдайда өсімпұл мен айыппұл есептелмейді. 

Мәселен, несие төлеуші 15-наурыз бен 15-сәуір аралығындағы бір күнде несие төлеуі керек болып, төтенше жағдайға байланысты төлей алмаса, осы аралықтағы өсімпұл мен айыппұл есептелмейді. 

Бұл норма жеке және заңды тұлғаларға банктер ғана емес, барлық микроқаржы ұйымы (соның ішінде ломбард, несие серіктестіктері, қарыз беретін кредиторлар) берген қарыздарға қолданылады.

Егер қарыз алушы бір жыл ішінде мерзімі өткен берешегінің 50 проценттен астамын өтесе, онда нашар несие тарихын түзей алады.

Кәсіпкерлер үшін:

Банктер мен микроқаржы ұйымдары қаржылық жағдайы нашарлаған кәсіпкерлер үшін қарыз төлемін 90 күнге дейін шегеруі тиіс.

Карантин енгізу дегеніміз не?

Әлі емдеу амалы табылмаған коронавирусқа байланысты, оның жұғу жолдарын және тарау жолдарын тоқтату үшін арнайы карантин жарияланды. Бұл дегеніміз көпшілік, қоғамдық ортаға барудан бас тартып, үй жағдайында денсаулыққа және өмірге пайдалы іспен айналысу.

- Карантин аймағының периметрін белгілеу және оған кіру/шығу пункттерін анықтау;

- Адамдардың қозғалысын, сондай-ақ көлік құралдарының кіріп-шығуын шектеу;

- Үш санат: ауруды жұқтырғандар, инфекцияға күдіктілер, карантиндегілер санаты бойынша арнайы емдеу мекемелерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

- Азаматтардың қозғалысын шектеу үшін қалалар аумағының секторларын және олардың шекараларын анықтау;

- Қоғамдық көлік қозғалысын күндізгі уақытта тоқтата тұру немесе шектеу және түнгі уақытта тоқтату;

- Азық-түлік сатпайтын сауда базарларының жұмысын, азық-түлік өнімдері мен дәрілік заттарды сататын нысандарды қоспағанда, ірі СОСО және сауда үйлерінің жұмысын уақытша тоқтата тұру;

- Санитарлық- эпидемияға қарсы шараларды күшейте отырып, «клиенттерге дейін жеткізу» қағидаты бойынша қоғамдық тамақтану нысандарының жаңа жұмыс режимін белгілеу;

- ХҚКО-ның жұмыс кестесін қайта ұйымдастыру;

- Карантиндік аймақтардағы халықтың және әрбір сектордың азық- түлік өнімдеріне, дәрі-дәрмектерге, тіршілікті қамтамасыз ету заттары мен алғашқы қажеттілік тауарларына тәулік сайынғы қажеттілігін анықтау;

- Карантиндік аймақтың әрбір секторы үшін қоғамдық көлік қозғалысын барынша шектеуді ескере отырып, сауда және азық-түлікпен әрі алғашқы қажеттілік тауарларымен қамтамасыз ету орталықтарын анықтау;

Естеріңізде болсын, карантин дегеніміз «комендаттық сағат» емес. 

Мектеп оқушылары мен ЖОО студенттері каникул уақытында және карантин кезінде онлайн білімді қайдан ала алады?

Барлығы үшін:

1. «Coursera» — жаппай онлайн-білім беру саласындағы жоба. Компания ҚР Білім және ғылым министрлігіне ақпаратқа тегін қол жеткізу ұсынысымен жүгінгендігін айта кеткен жөн.

https://www.coursera.org/ 

2. Хан академиясы — коммерциялық емес білім беру ұйымы. Оқушылар үшін ресурс қолжетімді әрі тегін. 

https://ru.khanacademy.org/ 

Оқушылар үшін:

1. «Bilim media Group». 40 мыңнан астам материал шоғырланған білім беру контенті бар үлкен база. Қазақстандық компания барлық ресурстарға деген қолжетімділікті тегін ашып отыр.

https://bilimland.kz 

2. «Daryn Online». Бағдарлама мазмұны Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес келеді.

https://daryn.online 

3. Opiq Платформасы. Интерактивті ресурсқа мектеп оқулықтары жүктелген. Оқулықтардың басым бөлігі «Алматыкітап» баспасына тиесілі. Аталған эстониялық жобаға басқа да кітап баспалары қосылады деп күтеміз.

www.opiq.kz 

4. ҰБТ-ға дайындалуға арналған виртуалды тренажер iTest.

www.itest.kz 

5. Оқушылар мен студенттерге арналған білім беру порталы.

https://100ballov.kz/ 

6. NIS Play 

http://play.nis.edu.kz/application/registration 

7. STEM академиясы.

https://stem-academia.com/en/main-page/ 

8. IMektep бастауыш мектеп бағдарламасы.

www.imektep.kz 

9. STEM зерттеу платформасы.

http://makeathon.kazneuro.kz/ 

КОЛЛЕДЖДЕР ҮШІН:

1. Atameken Academy

https://atameken.co/ru/courses 

ЖОО үшін: 

1. Moodle — курсты басқару жүйесі, сондай-ақ оқытуды басқару жүйесі немесе виртуалды оқыту ортасы ретінде белгілі. Еліміздің жоғары оқу орындары осы ресурсты пайдаланатыны қуантады.

https://moodle.enu.kz/ 

2. Республикалық жоғары оқу орындары арасындағы электрондық кітапхана

http://www.rmeb.kz 

3. QAZAQSTAN TARIHY

https://e-history.kz/ru/scorm 

4. «Қарапайым математика»

http://www.bymath.net/ 

5. Blended learning

https://blendedlearning.pro/ 

Карантин кезінде банк бөлімшелері қалай жұмыс істейді?

Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласындағы банк бөлімшелері карантин кезінде клиенттерге қалыпты режимде қызмет көрсетеді.

Банктер картаға жалақының, зейнетақының, жәрдемақының есептелуі мен түсуі, қолма-қол ақшаны банкомат арқылы шешіп алу, төлем және аударым операцияларының орындалуы сынды маңызды сервистерінің жұмысына кепілдік беріп отыр.

Банк бөлімшелерінде санитарлық-дезинфекциялық жұмыстар жиі жүргізіледі. Сонымен қатар, банктердің онлайн сервистерін пайдалануға мүмкіндік бар.

Смартфон және гаджеттерді сүртіп тазалау міндетті ме?

Дәрігерлер сырттан келген соң телефонның сыртын спиртті майлықтармен сүртуге кеңес береді. Ал телефонның сыртқы қабын сабындап жуып, кептіріп алған жөн.

Марғұлан Ақан
Марғұлан Ақан
Автор материала

Читайте также

Вернуться в начало