Опубликовано 21.12.2020

OLX тұтынушылардың қауіпсіздігін қалай қорғайды?

«Алаяқтық шабуылдар онлайн-сауда саласындағы барлық ресурстарға әсер етті», - дейді OLX.KZ сервисінің модерация және қолданушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Данара Масирбаева.

 

Елімізде, әсіресе, карантин кезінде интернеттегі сауданың өсу қарқыны аз уақыттың ішінде жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Қазір қандай да бір зат сатып алу үшін немесе қызмет түрін таңдау үшін онлайн-ресурстарды қолданатындар көп.

 

OLX сервисінің басты міндеті – клиенттерге қызмет көрсету және олардың транзакцияларының қауіпсіздігін сақтау. Сервис қолданушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қауіпсіздік технологияларын жетілдіріп отырады. Сондай-ақ, OLX жеке блогында, әлеуметтік желілерінде, қолдау қызметінде сервистегі қауіпсіздікті сақтау жайында мақалалар жарияланып тұрады.

 

Сайттағы жеке мәліметтерді қорғауда сервис қауіпсіздікті жақсарту үшін үздіксіз жұмыс істейді. Тіркелу кезеңінде қолданушыларға бірнеше нұсқа ұсынылады: телефон нөмірі арқылы, электронды пошта мекенжайы арқылы, Facebook профилі арқылы тіркелу.Тіркелгеніңізді растау үшін SMS-верификация процесінен өту керек.

 

Интернеттегі алаяқтарға алданып қалмас үшін, мынадай кеңестер ұсынамыз:

 

1.    Сатып алуды жоспарлап отырған сервистің жұмыс принципімен және қызметімен жақсылап танысып алыңыз. Сіздің бұған 5 минут уақытыңыз ғана кетеді.

 

2.    Тауардың бағасы тым төмен болуы салыстырмалы түрде алғанда күдік тудыруы мүмкін. Абай болыңыз.

 

3.    Тауарды сатып алу жөніндегі келіссөздер жүргізуді, хат алмасуды сервистің чатында ғана орындауға тырысыңыз, басқа мессенджерлерге өтпеңіз.

 

4.    Келіссөз барысында сізге сілтеме жіберіп, сол арқылы операциялар орындауды ұсынуы мүмкін. Әдетте, бұл алаяқтардың әрекетіне жатады және көп жағдайда сіз жалған сайтқа кіріп кеткен болуыңыз мүмкін. Өйткені, OLX-те төлем жасау, тапсырыс беру немесе төлемді растауға арналған жеке сілтеме функциясы жоқ.

 

5.    Алдын ала төлем жасауыңызды сұраса, ешқашан келіспеңіз. Ол сізге ешқандай кепілдік бермейді.

 

Егер алаяқтыққа тап болып жатсаңыз, OLX сервисі мәселелерді шешуге және заңнама аясындағы тергеуге көмектесе алады. Ол үшін OLX қолдау қызметіне хабарлама қалдыруыңыз керек.

 

 

Читайте также

Вернуться в начало