Опубликовано 26.11.2020

Сатушыларға кеңес: интернетте қалай қауіпсіз сауда жасауға болады?

Интернет-дүкеннің иесі мен ондағы сатушылар қауіпсіздікке байланысты түрлі проблемаларға жолығуы мүмкін. Сатып алушы тауарды әлі алмағанын, ақшаны жібере алмай жатқанын айтып, хабарласатын жағдайлар кездеседі. Осы қиындықтарды шешу үшін OLX сарапшылары төмендегі ережелерді пайдалануға кеңес береді.

 

Келісім-шартты сатып алушының тауарды алғанына және ол тауарға толықтай қанағаттанатынына көз жеткізгеннен кейін ғана аяқтаңыз.

  1. Сатушы ретінде өзіңізге деген адалдық пен сенімділікті арттыру үшін, алдын-ала төлем жасалуын сұрамаңыз. Ақшаны аудару кепілдігі сізге төлем жасалуын қамтамасыз етеді. Яғни, сатып алушы тауарды пошта арқылы алған кезде төлем жасауға міндеттелетіні туралы келісім-шартта көрсетілген және келісім-шарттың соңында бұл міндеттемелерді орындау үшін клиенттің қолы қойылады. Осының арқасында сіз төлем жасалатынына сенімді бола аласыз. Себебі, клиент тауарды алды – демек, сізде дәлел ретінде оның қолы болады.
  2. Сатып алушы адамдармен мүмкіндігінше тауар орналасқан нысанда кездесіңіз. Осылайша сіз алаяқтарға алданып қалудан қорқатын клиентіңіздің сенімін оята аласыз.
  3. Төлқұжат нөмірі, әлеуметтік сақтандыру және сол сияқты жеке деректерді сұрау - сатып алушының күмәнін тудыруы мүмкін. Сондықтан, келісім-шарт жасауға қажетсіз артық ақпараттарды сұрамаңыз. Бұл біріншіден, клиентке деген құрмет, екіншіден, оның шағымданбауына және сіздің компанияңызға адалдығын сақтауға көмектеседі.
  4. Екі тарап та көбінесе келісім-шарттың кейбір детальдарына назар аудармайды немесе оларды өздерінше түсінеді. Сіз бұған ұқыптылықпен қарап, келісім-шартпен мұқият жұмыс істеуіңіз керек. Ең бастысы -  келісім-шартты екіжақты талдап, клиенттің барлық тармақты дұрыс түсінгеніне көз жеткізіңіз. Кездесу соңында келісім-шарттың негізгі тармақтарын қайтадан қарап шығыңыз. Артынан қателікті түзеткенен гөрі, бұған алдын-ала уақыт бөлгеніңіз жақсы.
  5. Спам-хабарлама жібермеңіз – бұл дүкендегі жаңартулар, жеңілдіктер мен ұтыс ойындары туралы жиі еске салатын тетік. Мұндай сатушылар сенімнен шығып қалады. Сайып келгенде, сіздің аккаунтыңызды бұғаттап тастауы мүмкін. Егер өзіңіз біреуден спам-хабарлама алсаңыз, OLX-тің қолдау қызметіне хабарласыңыз. Сонда олар сіздің сұранысыңызды шешуге тырысады.

         

Осы қарапайым ережелер сізге OLX-те саудаңызды қауіпсіз жүргізуге көмектеседі. Осылайша сіз де, сатып алушылар да жасалған саудаға сенімді бола аласыздар. Беделіңіз бен бизнесіңіздің алға басуы осы қарапайым ережелерді дұрыс орындауға байланысты.

Редакция OpenAsia
Редакция OpenAsia
Автор материала

Читайте также

Вернуться в начало