Опубликовано 28.10.2020

ЕСКЕРТУ: Жалған жеткізу қызметіне алданып қалмаңыз!

ЕСКЕРТУ: Жалған жеткізу қызметіне алданып қалмаңыз!

Онлайн саудада сәтті мәміле жасау, негізінен, қауіпсіз саналады. Ең бастысы, қарапайым белгілерге назар аудара білу керек. Төменде интернетте келісім жасаған кезде өзіңізді қалай қорғауға болатындығы жөнінде мысалдар келтіреміз. 

OLX сарапшылары сервисте қауіпсіз сауда жасау үшін ескеру керек 4 маңызды мәселені айтты:

  1. OLX сервисінде жеткізу қызметі жоқ;
  2. Сенімді емес сілтемеге өтпеу керек;
  3. OLX жанама сайттар арқылы карта деректерін енгізуді сұрамайды;
  4. Қолдау қызметінің хабарлама мәтініне назар аударыңыз.

1.    OLX сервисінде жеткізу қызметі жоқ

Дәл қазіргі уақытта OLX ешқандай шабармандық қызметпен айналыспайды. Сондықтан, OLX сервисінің атынан жеткізу қызметін ұсынатын алаяқтық істерге сенбеу керек. Жалған шабармандық қызметті ұсынған ұрыны жазған хабарламалары арқылы тануға болады. 

2.    Күмәнді сілтемеге өтпеу керек

 OLX чатында ғана хат алмасуға тырысыңыз. Алаяқтар OLX.kz сайтынан айнымайтын көшірме сайттар жасауға құмар. Сол үшін қандай сілтемеге кіріп отырғаныңызды мұқият қадағалаңыз немесе URL адресті қолдан жазыңыз.

 

OLX-тің ресми доменін ұмытпаңыз:

 сервистің толық нұсқасы: olx.kz 

 мобильді нұсқасы: m.olx.kz  

 тұтынушыларды қолдау орталығы: help.olx.kz

 OLX-тегі бизнес-парақша: name.olx.kz  

3.    OLX жанама сайттар арқылы карта деректерін енгізуді сұрамайды

 OLX-те сатқан тауарыңыздың ақшасын ала алатын амал жоқ. Сол үшін де сервисте сіздің жеке басыңыздың, картаңыздың деректері сұралмайды. Төменде алаяқтардың сізден толтыруды сұрайтын формалары келтірілген:

 Алаяқтар жалған сайт жасап алады да, тауарға төлем алу үшін карта деректерін енгізуіңізді сұрайды. Тіпті картадан лимитті алып тастауыңыз керек болады. Осылайша, олар сіздің картаңыздан ақша алғысы келеді.

Ескерту! Картаңыздың деректерін бөтен сайттарға енгізбеңіз.

 4.    Қолдау қызметінің хабарлама мәтініне назар аударыңыз.

 Алаяқтар қолдау қызметі атынан қосымша жалған ақпарат пен хабарламалар жібере алады. Төменде осындай жалған хабарламалардың мысалы келтірілген:

 

Алаяқтар мұндай жалған хабарламалардың скриншоттарын жіберіп, ресми ақпарат екендігіне сендірулері де мүмкін.

Сондықтан да, OLX сервисінің сарапшылары клиенттерді сақ болуға шақырады. Жоғарыдағы ескертпелер назарыңызда жүретін болса, алаяқтықтың құрбаны болмайсыз.

Редакция OpenAsia
Редакция OpenAsia
Автор материала

Читайте также

Вернуться в начало