Опубликовано 07.04.2020

42 500 теңгені Telegram bot арқылы алудың жолдары

фото из открытых источников


Төтенше жағдай кезінде президент тапсырмасымен жүзеге асып жатқан әлеуметтік көмектің бірі 42 500 теңге туралы мәселе қазақстандықтар үшін күн тәртібіне шықты.

Аталған көмекті алу үшін сақтық шарасын сақтамай банк пен қазпошта бөлімшелерінің алдына жиналған жұрттың қарасы көп. Осы мәселені шешу үшін үкімет арнайы Telegram месенджерінде bot қызметін іске қосты. Сонымен бот арқылы 42 500 теңгені қалай алу керек?

БІРІНШІ ҚАДАМ

Қазақстанның кез келген азаматы өтініш беру үшін Telegram-ға кіріп, іздеу жүйесінде «EgovKzBot2.0» іздеп табу керек.

Telegram мессенджерін App Store немесе Play Market арқылы смартфонға жүктеп алуға болады. Жүктеп алған соң аталған мессенджерге тіркелу керек.

ЕКІНШІ ҚАДАМ

«EgovKzBot2.0» ботын тапқан соң, сол жерден «Төтенше жағдай кезінде 42 500 төлеу» қызметін тауып, соны таңдау керек.

ҮШІНШІ ҚАДАМ

Жоғарыда аталған әрекеттер орындалғаннан кейін өтініш берушіге дайын құжат үлгісі шығады. Соны толтыру керек. Аталған құжатта өтініш беруші өзі туралы деректерді енгізеді, кейін сол телеграм арқылы жібереді.

ТӨРТІНШІ ҚАДАМ

Өтініш «Еңбек нарығы» ақпараттық жүйесіне келіп түседі, 1 күн ішінде деректер тексеруден өтеді (бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілердің өтініштері тексеруден өтпейді).

Ақпарат «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа өтінішті өңдеу үшін «Е-Макет» ақпараттық жүйесіне 1 күн ішінде түседі.

Редакция OpenAsia
Редакция OpenAsia
Автор материала

Читайте также

Вернуться в начало